Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023
Біз – 63 жастан зейнетке іліккендердің алғашқы буынымыз. 1992 жылы нарыққа көшкенде кеңшарымыз таратылып, жекешеленіп кетті. Сол кезден жұмыссыз қалдық. Жасымыз 40-тың үстіне шығып, еш жерге жұмысқа алмады. Өз күнімізді өзіміз көруге тура келді. Енді зейнет жасына келгенде не жұмыс өтілі жоқ, не зейнетақы қоры жоқ, ең төменгі зейнетақы тиді.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2023
Ақтөбе облысында тіркелген волонтерлік ұйымдардың саны 200-ден көп. Солардың арасындағы ең танымалы – жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге көмектесіп жүрген «Зелло» іздеу тобының еріктілері.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2023
Қазіргі таңда Алматы облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының қатарында 200-ден астам волонтер бар. Жақсылық жасауға ниетті жастардың қатары уақыт өткен сайын көбейіп келеді.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2023
Атырау облысында қиналған жанға қайырымдылық көрсетіп жүрген еріктілер аз емес. Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлының айтуынша, қазір 57 волонтерлік топ пен қай істі де ерінбей атқаруға құлшынып тұрған 712 ерікті тіркелген.
Шымкент • 07 Желтоқсан, 2023
Шымкент қаласында 5 мыңға жуық волонтер бар. 12 еріктілер ұйымы қызмет көрсетеді. Осы ұйымға мүше жастар шаһардың түрлі әлеуметтік іс-шараларына белсене атсалысады. Қоғамды жақсартуға, ізгілендіруге өз тараптарынан қолдау білдіреді. Еріктілер адам күші қажет ететін түрлі іс-шаралар мен акциялар, бастамалар үшін таптырмас көмек. Сол үшін оларды мемлекеттің көмекшілері, қарапайым халықтың қызметшілері десек жарасады.