Ғылым • 10 Желтоқсан, 2024
Осындай тақырыппен Астанада ғылыми форум өтті. Жас ғалымдар альянсы (YRA – Young Researchers Alliance) Назарбаев университетінің қолдауымен биыл 4-рет ұйымдастырып жатқан ауқымды жиынға жалпы саны 500-ге жуық Қазақстан мен шетелден келген жас ғалым, билік, ғылым мен бизнес өкілі қатысты. Олардың қатарында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Парламент депутаттары бар.
Энергетика • 10 Желтоқсан, 2024
Таза энергия көзіне арналған көрме
Тұрақты әрі үздіксіз қуат көзі бәрімізге керек. Оның үстіне энергия – экономиканың негізгі қозғаушы күші. Сондықтан энергия тақырыбы ешқашан күн тәртібінен түспейді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та үнемі назар аударып отырады.
Театр • 10 Желтоқсан, 2024
Өнер тарландары – халық театрында
Аспантау аясындағы аудандық мәдениет үйінде «Кеген» халық театрының әртістері драматург Бексұлтан Жәкеевтің «Тағдыр» атты драмасын сахналады. Қоғамдағы адами құндылықтардың құлдырап кеткендігін бейнелейтін спектакльдің режиссерлері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Омар Қиқым мен Бекжан Тұрыс екендігін естіген ел қойылымды тамашалауға тайлы-тұяғымен жиылып, ине шаншар орын болмауы – ауыл театрына соны серпін берді.
Тұлға • 10 Желтоқсан, 2024
Серікбол Қондыбай – күнтекті қаһарман
Заңғар замандасымыз Серікбол Қондыбай – түркі ғылыми мифологиясының іргетасын қалаған феномен. Жас кезінен Серікбол геоморфология, өлкетану, туризм, ландшафт эстетикасымен айналыса жүрiп, бiлiмнің сан-алуан күрделi салалары: тарих, фольклор, тарихи география, лингвистика, археология, этнография, мифология тоғыстарындағы күллі адамзатқа ортақ мәдени-танымдық мәселелерге әмбебап зерттеушi, тың талдаулар жасаушы ғалым деңгейiне жеттi.
Мәдениет • 10 Желтоқсан, 2024
Ұлттық музейде «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қолөнершілер одағының мүшесі, халықаралық ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері, этнодизайнер Тілек Сұлтанның «Киелі кимешек» көрмесі ашылды. Автор өзі тіккен және жинақтаған түпнұсқа 30 кимешекті көпшілік назарына ұсынды.