Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2019
Түркістан: Тапсырманы орындамағандар қызметімен қоштасады
Халқының саны 2 миллионнан асатын Түркістан облысында 86,6 мың көп балалы отбасы бар. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету барысында белгіленген нысаналы индикаторының бірі – күнкөріс деңгейінен төмен тұратын халықтың үлесі 16,5% болып белгіленген. Биыл облыс бойынша АӘК көрсету мақсатында жалпы 70,8 млрд.теңге бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттің үлесі - 65,7 млрд теңге. Атаулы әлеуметтік көмек 100 мыңнан астам отбасындағы 632,8 мың адамға тағайындалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2019
Колледждің «Ұлы дала жауһарлары» топтамасы әлемдік деңгейде танылып жатыр
Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі дәстүрлі, ұлттық нақыштағы киімдерді, ұлттық қолөнерді дамытып, жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру мақсатында кешенді оқу бағдарламаларын өндірістік тәжірибемен ұштастырып келеді. Осы орайда колледж қабырғасында өндірістік оқыту шеберлері «Моншақтарды зерлеп тоқу», «Құрақтың қырық сыры» үйірме жұмыстарын жолға қойған.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2019
Қарт қолөнер шеберлерлері киізден киімдер тігуді қолға алды
Жақында Алматыда киізден бұйымдар жасайтын қолөнершілері клубы өз жұмысын бастаған болатын. Киізден киім жасаған зейнеткер-қолөнершілер өздері жасаған бұйымдарын көпшіліктің назарына ұсынып, сән үлгісін көрсетті.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2019
Алматының рухани келбеті ажарлана түсті
Соңғы уақыттары Алматының рухани келбеті жаңа белеске көтеріліп, қаланың әдеби-мәдени өмірінде тың жаңалықтар орын алып жатқаны қуанышты жағдай. Бұл Елбасы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шаһарда жүйелі жүзеге асып жатқанын танытса керек.
Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019
Елордалық ұстаздар Кембридж университетінде біліктілігін арттырды
Әлемдегі ең үздік жоғары оқу орнына айналған Кембридж университетінде елордалық 5 мектептің мұғалімдері мен қалалық Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері біліктілігін арттырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.