Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2019

Қарт қолөнер шеберлерлері киізден киімдер тігуді қолға алды

994 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Алматыда киізден бұйымдар жасайтын қолөнершілері клубы өз жұмысын бастаған болатын. Киізден киім жасаған зейнеткер-қолөнершілер өздері жасаған бұйымдарын көпшіліктің назарына ұсынып, сән үлгісін көрсетті.

Қарт қолөнер шеберлерлері киізден  киімдер тігуді қолға алды

Жібек пен киізден жасалған киімдер мен бұйымдардың салмағы небары 20-200 грамм. Шараның мақсаты – ежелгі ұлттық қолөнер бұйымдарын көпшілікке кеңінен насихаттау. Жүн мен киізден жасалған заманауи жейделер, бас киімдер және сырт киімдердің түрлі түсті нұсқалары келген көрермендерді таң қалдырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл көрсетілімге зейнеткерлер бір ай көлемінде дайындалған, деп хабарлады almaty.tv.

«Бұл мерекелік іс-шараға қазақи жүн мен киізден бұйымдар жасауды ұнататындар жиналды. Біз қазақтың қолөнерін барынша танытқымыз келеді. Және де жұртшылыққа оның замануи үлгісін ұсынуды мақсет тұттық. Өздеріңіз көргендей, қандай керемет бұйымдар жасалды. Барлық киімдердің белгілі бір авторы бар және олар тек бір ғана данадан жасалған. Ең қызығы бұйымдар егде жастағы қарттардың қолынан шыққан», деді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы еңбек терапиясының нұсқаушысы Елена Дарченко.

Ең қызығы, сән көрсетілімінде «модель» болғандар – зейнеткерлердің өзі. Белсенді өмір сүру орталығының білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл жоба зейнет жасындағы жандардың уақытын ерекше қызықты жағдайда өткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда

«Алматының киіз-қолөнершілері» клубында елуден астам қарт бар.