Мәдениет • 06 Желтоқсан, 2023
Қазақ даласындағы көмейіне бұлбұл ұялаған дүлдүл әншілер мен буынсыз бишілердің, қарасөздің қаймағын қалқыған жыршы-термешілердің басын біріктіріп, халықтық өнердің алтын ұясына, қарашаңырағына айналған Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының құрылғанына жарты ғасыр толып отыр. Ұлтымыздың ұлы мұрасы – дәстүрлі өнерді дәріптеумен қатар, көкжиегін кеңейтуді көздеген бұл өнер ұжымының қанатының астында мемлекет және қоғам қайраткері, өнер зерттеушісі Өзбекәлі Жәнібектің қолдауымен құрылған «Адырна», «Алтынай», «Сазген» сынды әйгілі ансамбльдер жұмыс істейді.
Егемен Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2023
Хоккей • 06 Желтоқсан, 2023
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» кейінгі екі ойында Магнитогорскінің «Металлургі» және Череповецтің «Северсталін» ұтып, өз жанкүйерлерін бір қуантқан еді.
Алматы • 06 Желтоқсан, 2023
Алматы облысында «Кітап-Amanat» атты айрықша үлгідегі кітап орталығы ашылды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым, партияның облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаев және зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен оқырмандар қатысты.
Парламент • 06 Желтоқсан, 2023
Шетелде білім алған дарынды жастар елге қайтарыла ма? Депутат дабыл қақты
Мәжілістің жалпы отырысында Ержан Бейсенбаев депутаттық сауалын Премьер–министрге жолдап, дарынды жастарды елге қайтару мәселелері жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.