Хоккей • 06 Желтоқсан, 2023

Омбыда ойсырай ұтылды

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» кейінгі екі ойында Магнитогорскінің «Металлургі» және Череповецтің «Северсталін» ұтып, өз жанкүйерлерін бір қуантқан еді.

Омбыда ойсырай ұтылды

Сейсенбіде жерлестеріміз Омбыға сапар шегіп, тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде үшінші орында тұрған «Аван­гардпен» күш сынасты. Бұл бәсекеде айдын иелері айқын басымдық танытты. Бірінші кезеңде Иван Игумнов пен Александр Филатьев қатарынан екі гол соқты. Үзілістен кейін Еміл Нұрғалиевтің керемет пасынан соң Евгений Рымарев есеп айырмашылығын қысқартты. Бірақ одан әріге астаналықтардың шамасы жетпеді. Үшінші кезеңде «Авангардтың» ойыншылары қонақтардың қақпасын тағы үш мәрте дәл көздеді. Есеп – 5:1. Бұл голдардың автор­лары – Дамир Шарипзянов, Иван Николишин және Семен Чистяков.

ҚХЛ-да өнер көрсетіп жүрген 23 коман­даның арасында 22-орынға тұрақтаған «Барыс­тың» қоржынында 31 ұпай ғана бар. Енді олар келесі кездесуін бүгін Новосі­бірдің «Сибирь» клубына қарсы өткізеді.