Руханият • 09 Желтоқсан, 2019
Елордада «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті
«Nur Otan» партиясы мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен елордада жыршы-термешілердің «Жыр-аманат» концерт-спектаклі өтті. Жыршылық дәстүрді кеңінен насихаттап, ата-бабадан жеткен асыл мұраны жұртшылыққа боямасыз жеткізуді мақсат еткен бұл кеште еліміздің әр аймағындағы жыршылық дәстүрдің өкілдері өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Жетісу», «Маңғыстау», «Қаратау», «Арқа», «Атырау-Жайық», «Сыр елі», «Ақтөбе» жыршылық дәстүрлерінің өнерпаздары ұлттық өнерімізге шөліркеген қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2019
Елордада «Алтын тұғыр – 2019» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті
Ел астанасында ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеруді мақсат еткен дәстүрлі «Алтын тұғыр – 2019» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Бәйге, Аударыспақ, Көкпар, Жамбы ату, теңге ілу, Қазақ күресі сияқты ұлттық спорт пен Тоғызқұмалақ, Асық ату және тағы да басқа ұлттық ойындардан ел намысын асқақтатып жүрген дарабоздар арнайы жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2019
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында спорттың жеті түрі бойынша Конфедерация кубогының жеңімпаздары анықталды.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2019
Каратэ: Жерлестеріміз үш алтын алды
Нұр-Сұлтандағы «Жекпе-жек» сарайында каратэ-киокушинкайдан (KWU) әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада 54 мемлекеттен келген 301 спортшы өнер көрсетті.
Парламент • 09 Желтоқсан, 2019
Сенатта мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Сенатта мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге байланысты жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.