Спорт • 09 Желтоқсан, 2019

Конфедерация кубогы аяқталды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында спорттың жеті түрі бойынша Конфедерация кубогының жеңімпаздары анықталды.

Конфедерация кубогы аяқталды

Жүлде қоры 165 миллион теңгені құраған жарыстың боксшылар сайысында Түркістан облысына тең келер ешкім табылмады. Құрамында Қайрат Ерәлиев, Сәкен Бибосынов, Бек Нұрмағанбет, Бекдәулет Ибрагимов сынды саңлақтары бар команда жартылай финалда Қарағандының қырандарын ұтса, ақтық айқаста елордалық былғары қолғап шеберлерінен басым түсті.

Еркін күресте Нұр-Сұлтаннан келген жігіттердің бағы жанса, грек-рим күресінде Шымкент қаласының өкілдері шашаларына шаң жұқтырмады. Олардың екеуі де шешуші тұста Алматы облысы балуандарынан басым түсті.

Қазақ күресінен өткен бәсекеде Солтүстік Қазақстан облысының сайыпқырандарынан жасақталған «Қызылжар арландары» клубы алдына жан салмады.

Сонымен қатар, Алматы қаласының түлектері екі бірдей спорт түрі бойынша бас жүлдені олжалады. Олар таэквондо мен каратэ өткен жарыста топ жарды. Ал татамидегі тартыста Шығыс Қазақстан облысының дзюдошылары дараланды.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50