Тұлға • 07 Желтоқсан, 2024
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – қазақ руханиятының тарихында ерекше орын алатын айтулы тұлға. Оның артында төл шығармаларынан басқа ауыз әдебиетінің үлгілерінен жинаған мол мұра, тарихымыздан, мәдениетімізден, салт-дәстүріміз бен діни-рухани өмірімізден сыр шертетін құнды жазбалары қалды. Өткен жылдың басында Павлодар қаласында 10 томдық шығармалар жинағы басылып шықты.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2024
Осы жылдың 11 айында Алматы облысында 23 мыңға жуық бала өмірге келген. Олардың 204-і егіздер болса, 1 үшем бар. Соның ішінде облыс орталығы Қонаев қаласында 1000-нан астам нәресте дүние есігін ашқан.
Руханият • 07 Желтоқсан, 2024
Кейбір ата-ана дегдар баланы тәрбиелеу ғажайып бір әдістемелер немесе ерекше әдіс-тәсілдер арқылы болады деп ойлайды екен. Шынтуайтында, олай емес. Бәрі де қарапайым нәрседен басталады.
Зерде • 07 Желтоқсан, 2024
Кеңес өкіметінің атеистік саясаты еліміздегі мешіттерді жаппай құртып, молдаларды қуғынға ұшыратқанға дейін ұлтымыздың перзенттері білім мен ілімнің озық үлгілерін діни оқу орындарынан алғаны әмбеге аян. ХХІ ғасыр басындағы имамдар мен хазіреттер шын мәнінде ағартушылық қызмет атқарды. Кереку өңірінде діни-ағартушылық бағытта белсенді еңбек етіп, халықтың ықыласына бөленген діни қайраткердің бірі – Шаһидолла Түйтебекұлы.
Өндіріс • 07 Желтоқсан, 2024
Аяқкиім өндірісінің қарқыны жоғары
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы «Sh.S.Самұрық» ЖШС бүгінде тәулігіне 800 жұп аяқкиім шығарады. Ш.Ділдәбеков ауылдық округіндегі цехта 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Аяқкиімнің 30-ға жуық түрін шығаратын өндіріс орнының қуаты жылына – 250 мың жұп.