Баға • 07 Желтоқсан, 2024
Тұрғын үй бағасы қалай құбылады?
Ұлттық экономика министрі апта басында өткен брифингте шетелден келетін құрылыс материалдары құнының өсуіне байланысты Қазақстандағы тұрғын үй бағасының өзгеруі мүмкін екенін айтты. Министрдің айтуынша, мемлекет әлеуметтік және несиелік тұрғын үйдің бағасын реттеуді жалғастырады, ал қалған тұрғын үй нарығы сұраныс пен ұсыныстың ықпалына ұшырайды. Цемент және арматура сияқты базалық құрылыс материалдарымен толық қамтамасыз еткенімізбен, ішкі әрлеу импортқа тәуелді болып қалады, бұл баға тәуекелін тудырады.
Digital • 07 Желтоқсан, 2024
Криптоиндустрияның күнгейі мен көлеңкесі
Криптоактив, криптовалюта, стейблкоин, токендер, блокчейн технологиясына негізделген басқа да құралдар кейінгі жылдары жаһандық қаржы жүйесінің маңызды бөлігіне айналды. Биылғы тамыз айындағы деректер бойынша, криптоактивтердің әлем нарығындағы айналымы 2,2 триллион долларды құраған. Ұлттық банктің зерттеуінше, елімізде криптовалютамен айналысатындардың саны кейінгі екі жылда екі есе өскен. Олардың көбі заңсыз жолмен пайда табады. Бұл салаға қызығушылық артқан сайын жаңа мүмкіндікпен қатар қауіп-қатер де көбейе түсті.
Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024
Қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушісі Бақытжан Құрақбаевтың таң алагеуімнен басталатын жұмысын қиынсынған кезі жоқ. Бастапқыда жеке компанияларда жұмыс істеді. Кейіннен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС жүргізушісі атанды. Көлік тізгініне отырғаннан бәрін ұмытып, назарын жолға салады. Бұл – күніне жүздеген адам мінген автобус жүргізушісінің бойында баяғыдан қалыптасқан әдет.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024
Кеншілер қаласында нейро-ортопедиялық ақауы бар балалар көмек алатын аймақтағы алғашқы медициналық мекеме ашылды. «Қазақстан халқына» оңалту орталығы» қайырымдылық жобасы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған. Мұнда осындай санаттағы балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар кешенді әрі сапалы оңалтуға қол жеткізе алады. Жобамен жылына 600-ге жуық бала ем-дом қабылдайды.
Мәселе • 07 Желтоқсан, 2024
Болашағымызға бейжай қарамайық...
Бүгінде балалар қауіпсіздігі – өзекті мәселенің бірі. Балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалардың көбейіп кетуі қалың көпшілікті қатты алаңдатып отыр. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та назар аударып, халыққа Жолдауында: «Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе», деп атап көрсетті.