Үкімет • 07 Желтоқсан, 2024
Кешенді тәсілдер азық-түлік қауіпсіздігін күшейтеді
Сенатта азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне арналған парламенттік тыңдау өтті. Онда қатысушылар саланы дамытуға қатысты өзекті түйткілдерді талқылады, сондай-ақ ұсыныстарын білдіріп, мүдделі тараптармен алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын белгіледі.
Әдебиет • 07 Желтоқсан, 2024
Жәңгір хан және Махамбеттің өлеңі
XIX ғасырда өмір сүрген ақын Махамбет Өтемісұлының Жәңгір ханға «Хан емессің, қасқырсың» деп басталатын екі шумақ өлеңіне жаңа ой қажет. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері хандар туралы, соның арасында Жәңгір Бөкейұлын тануға арналған зерттеулер, танытуға лайық мақалалар мен драмалық шығарма жарық көрді.
Волонтер • 07 Желтоқсан, 2024
Үздік волонтерлер марапатталды
Жылдың үздік волонтерлері анықталды. Халықаралық сыйлық биыл 15 бағыт бойынша үлестірілді. Конкурсқа барлығы 118 өтінім түскен. Нәтижесінде, озық болған 47 үміткер іріктеліп, сыйлық иегері атанды.
Жастар • 07 Желтоқсан, 2024
Кейінгі жылдары жастар арасында ішкі-сыртқы көші-қон мәселесі өткір тұр. Яғни жас буын, әсіресе білікті мамандар орнығудың не уақытша тұрудың қамымен бірі шекара асса, енді бірі республиканың ірі мегаполистеріне көшіп жатыр. Бұл үрдіс тұрақты табыс көзіне айналған жаңа мамандықтарды игеруге, интеллектуалды тұрғыда көкжиегін кеңейтуге, тұрғын үй мен әлеуметтік қорғауға қол жеткізуге, балаларына сапалы білім беруге, тегін медициналық көмек алуға және басқа да түрлі экономикалық факторларға байланысты жиілеп кетті. Мұны реттеудің жолы бар ма?
Спорт • 07 Желтоқсан, 2024
UFC-де өнер көрсетіп жүрген еліміздің танымал аралас жекпе-жек шебері Николай Веретенников (12-5) осы промоушендегі өзінің екінші кездесуін 15 ақпанда АҚШ-тың Лас-Вегасында өткізеді. Оның қарсыласы – жергілікті файтер Билли Гофф (9-3). Осының алдындағы бәсекені отандасымыз биыл тамыз айында америкалық Дэнни Барлоуға (9-0) қарсы өткізіп, оған ұпай санымен ұтылған еді. Гоффтың бұл UFC-дегі үшінші айқасы. Алғашында жапониялық Юсака Кинситаны (6-3) бірінші раундта ұрып жықса, екіншісінде өзінің жерлесі Трей Уотерске жол берді.