Егемен Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2023
Ойнай отырып ойлай білетін орта қалыптасып келеді. Олар – заманауи әрі креативті ойлайтын жастар. Оларды табыстырған көңілді куиз интеллектуалды ойын алаңы. Осындай зияткерлік бәйгеде «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшілер қосыны ой оздырып, топ жарған еді.
Құқық • 06 Желтоқсан, 2023
Бірер жыл бұрын елімізде баласының алдындағы борышын өтеуден жалтарғандарға жаза күшейтіліп, айыппұл мөлшері өсті. Алайда ата-аналық парызын орындауға келгенде құлықсыздық танытатындардың саны азайған жоқ. Себебі бала ақысын бермеудің сан амалын қарастыратын борышкерлердің заңды сырт айналып кетуге мүмкіндігі мол. Сондықтан қашқын ата-аналарды жауапкершілікке тартқызып, түрмеге қамайтын соңғы түзетулер де тиімді болмай тұр.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Еліміздегі антропология саласының негізін қалаушы, қазақ ғылымының абызы – Оразақ Смағұловтың «Өмірімнің мәні мен сәні» кітабы жарық көрді. Жинақтың тұсаукесері Алматы мен Астана қалаларында өтті. Ғасыр ғұмырға бет алған қайраткердің өмір белестерінен сыр шертіп, терең толғаныстарын оқырманға жеткізген еңбек Бақытжан Бұқарбайдың «AmalBooks» баспасы арқылы көпшілікке жол тартты.
Денсаулық • 06 Желтоқсан, 2023
Ауа райының қолайсыздығынан Астана көшелерінде 300-ге жуық адам зардап шекті
Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы ауа райының нашарлауына байланысты қанша азаматтың жедел жәрдемге жүгінгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2023
Қызылша жұқтырады: Түркістанда интернатта жатқан 3 баланы едені бетон бөлмеге қамап қойған
Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар мектеп-интернатта балаларды қорлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілге сілтеме жасап.