Сұхбат • 06 Желтоқсан, 2019
– Амандық Ғаббасұлы, әңгімемізді әлеуметтік салада атқарылған істер жайында бастауға рұхсат етіңіз. Өйткені жұрт әкімдердің жұмысын әлеуметтің әл-ауқатының деңгейіне қарап бағалайтыны шындық. Әрі биылғы жыл қоғамның назарын көп балалы отбасылардың мәселесіне аударған кезең болды. Ендеше...
Кино • 06 Желтоқсан, 2019
Отандық кино өндірісінің күнгейі мен көлеңкесі
Nur Otan-ның Орталық аппаратында еліміздегі жетекші партияның жанынан құрылған «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесі отандық кинематографияның өзекті мәселелерін талқылауға арналған басқосуы өтті.
Саясат • 06 Желтоқсан, 2019
Аңызға айналған абыз – Елордада Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған іс-шаралар басталды
Кіндігі кесіліп, кірі жуылған жерінің табиғатынан айнымайтын төл баласы Кекілбайұлы қаламынан туған аңыз бен ақиқаттың алып кеңістігі қазақ сахарасын толығымен қамтып, тіпті әрі асып жатқандай. Заманында қара сөзбен тарихтың шыңырауын қазған жазушы қаламының сиясын сарқып, қазақтың бастан кешкенін жазарда бір уақыттарда өзі де шежіреге айналарын білді ме екен?! Бүгінде қаламгер хақында айтылып жатқан сансыз ойлар мен жылы пікірлер абыз Әбіштің жаңа дәуірін бастап кетті.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақ – қалай айтқанда да бағы бар халық. Ұрпақтан-ұрпаққа ұлыларымыздың ұлы мұрасымен өтіп келеміз. Бүгін де келешектің кәдесіне жарайтын хат қалдыруды мұратына айналдыратын абызсыз қалмасымыз хақ. Бағзы мен бақиды жалғастырып жатқан сара жолды бір адамдай бажайлап үлгерген; өзі өмір сүріп отырған ортаның да барлық құбылыстары мен айтулы оқиғаларының қара қазанында қайнап жүріп, соның бәрін саф алтындай зерделей де, бағалай да білген; сол арқылы қай кезеңде де заманнан гөрі адамды зерттеуді алға шығарудың қаншалықты қасиетті іс екенін бар болмыс-бітімімен түйсінген абыздар эстафетасының таяқшасы жерге түспей келеді. Күні бүгінге дейін.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Әбіш аға Кекілбайұлын көргенде Аристотельді көргендей болатын едім. Бір өзі бір академия, бір өзі бір энциклопедия. Дала демосфендерінің алтын сынығы. Сөзі қандай, сөздің мәйегі қандай! «Алыстан сермеп, жүрекпен тербеп», әдібін жазып, төркінін қазып, жерді аспанға шығарып, аспанды жерге түсіріп, бұйра шаштары бураланып, көтереді-ау қалған мәселелерді қордаланып. «Паһ, сабазың-ау», – десетін еді жұрт мұндайда.