Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019
Адамгершілік педагогикасына арналған халықаралық фестиваль өтті
Қазақстан алғаш рет қабылдаған «Зёрна» фестивалі 2013 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бір алаңда педагогтарды, психологтарды, тәрбиелеушілерді жинайды. Фестиваль барысында мамандар әрбір баланың шексіз мүмкіндіктері, тәрбие мен даму өзара қарым-қатынас мәселесі мен ата-ана мен педагог болудағы ерекшеліктер туралы ортаға салды.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2019
«Империя Фуд» «Made in Qazaqstan» брендімен ет өндіреді
Алматы облысының Жамбыл ауданында ашылған «Империя Фуд» ет өңдеу кешенін биылғы жылдың ең үздік инвестициялық жобасы деп атауға әбден болады. Жаңа зауыт жылына 8 мың тонна ет дайындауға қауқарлы. Қазірдің өзінде сыртқы нарыққа өнім жөнелтуге кірісті.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2019
Елордада «Күлше қыз» балетінің премьерасы өтеді
«Астана Балет» сахнасында «Күлше қыз» балетінің премьерасы өтеді. Желтоқсанның 20, 21 мен 22 күндері астаналық театр Шарль Перроның аттас ертегісінің желісімен, заманымыздың һас хореографтарының бірі Надежда Калинина қойған екі көріністі «Күлше қыз» балетін ұсынады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2019
The Banker тұжырымында АТФ Жыл банкі атанды
The Banker – халықаралық қаржы мен жаһандық нарықтық үрдістер туралы 1926 жылы Лондонда бекітілген іскерлік журнал. Баспа The Financial Times Ltd. компаниясына тиесілі. Редакция жыл сайын дүниежүзілік банктердің ТОП-100 рейтингісін құрып отырады, сондай-ақ 100-ден астам елдегі қаржы институттарына бірнеше санат, соның ішінде Bank of the Year Award санаты бойынша марапат ұсынады. АТФБанк The Banker британдық беделді басылымы бекіткен Bank of the Year Awards 2019 айтулы халықаралық сыйлығының аясында «Bank of the Year in Kazakhstan» (Қазақстандағы Жыл банкі) номинациясы бойынша марапатталды.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019
Балалар арасындағы бұзақылық көбейіп барады
Алматы облысында мектеп инспекторларының жетіспеушілігі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың көбеюіне себеп болып отыр. Қазір аймақтағы 760 білім беру мекемесінде бар болғаны 182 полиция уәкілі жұмыс істейді екен.