Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019

Адамгершілік педагогикасына арналған халықаралық фестиваль өтті

430 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан алғаш рет қабылдаған «Зёрна» фестивалі 2013 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бір алаңда педагогтарды, психологтарды, тәрбиелеушілерді жинайды. Фестиваль барысында мамандар  әрбір баланың шексіз мүмкіндіктері, тәрбие мен даму өзара қарым-қатынас мәселесі мен ата-ана мен педагог болудағы ерекшеліктер туралы ортаға салды.

Адамгершілік педагогикасына арналған халықаралық фестиваль өтті

Фестиваль бағдарламасы педагогтар үшін мастер-класстарға, ата-аналар үшін ашық кеңестерге, балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы бағдарламаға толы болды. Іс-шараның басты спикерлері - психология ғылымдарының докторы, Ресей білім академиясының академигі Шалва Амонашвили, халықаралық адамгершілік педагогика орталығының президенті Паата Амонашвили, «Айб» білім беру қорының негізін қалаушы Арам Пахчанян, «Razum Life» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марина Таргакова, «Бөбек» ұлттық орталығының педагог - ғалымдары болды.

«Зёрна» адамгершілік педагогика фестивалінің жұмысына Әлия Назарбаева қатысты. «Мен үшін және барлығымыз үшін бұл өте жауапты миссия. Мен біздің үлкендеріміз, біздің фестивальден кейін біздің балаларымызға, туған-туыстарымыз бен жақындарымызға жақын болып, өзімізге жаңа шекаралар ашатынына және бейбітшілік пен жарқын өмір сүруге ұмтылатынына шын жүректен тілектеспін және сенемін!» деп атап өтті Әлия Нұрсұлтанқызы.

Фестиваль аясында алғаш рет гуманитарлық ғылымдар негізіндегі қазақстандық білім беру - дамыту платформасының t - EACH жобасы таныстырылды. Жобаның  басты идеясы - толық және үйлесімді өмір сүру үшін жарасымды дағдыларды қалыптастыру арқылы балаларды адамгершілік, төзімділік, жаһандық құндылықтарды дамыту мен тәрбиелеу бағытында баулу болып табылады.

Фестиваль барысында «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы таныстырылды.  

Педагогтар мен ата-аналар үшін келесі жарқын және пайдалы кездесу келесі жылы 20-22 наурыз аралығында адамгершілік педагогика бойынша халықаралық педагогикалық оқулар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтетін болады.

 

АЛМАТЫ