Ауыл • 01 Желтоқсан, 2023
«Ауыл аманаты»: Бағдарлама қайтсе баянды болады?
Ауыл тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі – төрт түлік мал. Төскейді ақтылы малға толтырып, ел дастарқанын адал асқа қайыстырып қоюға не кедергі? Кейде алға ұмтылған қадамдары кері кетіп жататындары да бар.
Экспорт • 01 Желтоқсан, 2023
Өзбекстанға қандай өнімдер экспортталады?
Бір өңірде әрі көршілес орналасқандықтан, Қазақстан мен Өзбекстанның алыс-берісі ешқашан ажыраған емес. Әр елдің өзіне тән экспорттық және импорттық мүддесі бар. Биыл қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 3,3 млрд долларды құрады, бұл былтырғыдан 4 пайызға аз.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2023
Жол саласын цифрландыру жобалары
Жуырда Астанада өткен XIX халықаралық «Kaztraffic-2023» көрмесіне отандық және шетелдік 100-ден аса компанияның өкілдері қатысып, өздерінің озық техникалары мен технологияларын жұртшылық назарына ұсынды. 19-рет осында кездесіп, мәре-сәре болған әріптестер мен серіктестер көрменің игілігі туралы үлкен ілтипатпен айтып жатыр.
Алматы • 01 Желтоқсан, 2023
Қауіпсіздік ережесі ескерілмеген
Бейсенбінің таңы жайсыз хабармен басталды. Алматыдағы Әди Шәріпов көшесі, 86 мекен-жайында орналасқан ғимараттың жертөлесінен шыққан өрт салдарынан 13 адам қайтыс болды. Төменгі қабаты мен жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің басқа да тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланып, 2 азамат қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді.
Халық • 01 Желтоқсан, 2023
«Қандас» мәртебесін алу жеңіл болмай тұр
Азаматтық куәлік – жер басып жүрген әрбір жұмыр басты пенденің белгілі бір елде өмір сүруіне хақылы әрі сол елдің заңды азаматы екенін айқындайтын құдіретті құжат. Қазір «итке темір не керек» деп жүрген ешкім жоқ, тіпті ит пен мысықтың да тиісті құжаты бар. Ал атажұртым деп шекара асып келген қандастарымыз ел қатарына қосылғанын айғақтайтын бір жапырақ қағазға зар болып жүр.