Экспорт • 01 Желтоқсан, 2023

Өзбекстанға қандай өнімдер экспортталады?

201 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бір өңірде әрі көршілес орналасқандықтан, Қазақстан мен Өзбекстанның алыс-берісі ешқашан ажыраған емес. Әр елдің өзіне тән экспорттық және импорттық мүддесі бар. Биыл қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 3,3 млрд долларды құрады, бұл былтырғыдан 4 пайызға аз.

Өзбекстанға қандай өнімдер экспортталады?

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Сарапшылардың айтуынша, тауар айналымының басым бөлігі дәстүрлі түрде Қазақстан экспортына тиесілі. 2,3 млрд доллар – мұның өзі 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 7 па­йызға төмен. Керісінше, импорт 4 пайызға өсіп, 957,8 млн дол­ларға жеткен. Еліміздің тауар айна­лымының жалпы құрылымында көр­шілес республиканың үлесі – 3,2 па­йыз. Қазақстан экспортындағы Өзбекстан үлесі – 4 пайыз, импортта – 2,2 пайыз.

Еліміз негізінен өзбек аға­йын­дарға бидай мен меслин тасы­малдайды. Оның құны биыл 615,4 млн долларды құраған және бұл былтырғы көрсеткіштен 19,1 па­йызға артық. Сонымен бірге тот бас­пайтын болаттан жасалған про­кат, бидай ұны, май өнімдері және ты­ңайтқыштар жеткізеді. Олар біз­ге негізінен трикотаж киімдерін са­тады. Құны биыл 36,3 млн доллар болған, сәйкесінше былтырғы­дан 42,6 пайызға артық. Сонымен қатар танымал импорт санаттарына жалпақ прокат, автокөліктер­дің қосалқы бөлшектері, автобус­тар, тоңазытқыш және мұздату жаб­дық­тары кіреді.

Үкімет баспасөз қызметінің ха­барлауынша, Қазақстан мен Өзбек­стан өзара сауда көлемін 10 млрд дол­ларға дейін арттыру бойынша бел­­сенді жұмыс жүргізіп жатыр. Қа­зақ­­стан екіжақты өзара іс-қи­мыл­дың бар­лық спектрі бойынша Өзбек­стан­мен ынтымақтастықты бір­тіндеп да­мытуға бар күш-жігерін салмақ.

2023 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша елде Өзбекстан­ның қатысуымен 3 мың кәсіпорын мен филиал жұмыс істеп тұр, бұл был­тырғыдан 44,4 пайызға көп. Олар­дың барлығы дерлік – шағын кәсіп­орындар. Компаниялардың көп­­шілігі көтерме және бөлшек сау­да, автокөлік пен мотоцикл жөндеу са­­ла­сында жұмыс істейді. 904 кәсіп­орын, бір жылда 23,3 пайызға кө­бейген.

Өнеркәсіптің жетекші бестігіне сондай-ақ құрылыс (552 кәсіпорын, 36 пайызға көбейген), көлік және қоймалау (128 кәсіпорын, 2,1 есе кө­­бейген), тұру және тамақтандыру қыз­­меті (123 кәсіпорын, 32,3 па­йызға көбейген) және өңдеу өнер­кәсібі (109 кәсіпорын, 10,1 пайызға көбейген) кірді.

Қазақстан резиденттерінің Өз­бек­стан инвесторлары алдында­­ғы мін­­деттемелері биыл 1 шілдеде ­ 385 млн долларға жеткен. Бұл был­­тырғыдан 16,6 пайызға артық. Са­лыстыру үшін айтар болсақ, был­тыр дәл осы кезеңде бұл ­330,1 млн доллар бол­ған, көрсеткіш бір жылда 17,8 па­йыз­ға өсіп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Нағыз ғалым еді...

Тұлға • 13 Шілде, 2024

Аурухана жағдайымен танысты

Саясат • 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Саясат • 13 Шілде, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Экономика • 13 Шілде, 2024

Көршінің наны

Қоғам • 13 Шілде, 2024