Қоғам • 03 Желтоқсан, 2024
Әлеуметтік желі әлемді әбігерге түсірді
Жуырда Аустралия мемлекеті әлемде бірінші болып 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заң қабылдады. Әдетте қырықпышақ болып жататын ел парламенті бұл жолы аталған заң жобасының бағын байлаған жоқ. Ел болашағының қамын ойлаған құжатты Аустралия парламентінің қос палатасы мүшелерінің түгелге жуығы мақұлдады. Бірақ Сенатта қарсылардың қарасы аз болмады.
Саясат • 03 Желтоқсан, 2024
Сыртқы істер министрлері Қытайда кездесті
Чэнду қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қытайдың сыртқы саяси ведомстволарының басшыларын біріктірген «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің бесінші кездесуі өтті. Еліміздің делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастап барды.
Әлем • 03 Желтоқсан, 2024
Еуропалық комиссияның (ЕК) жаңа құрамы өткен жексенбіде өз міндеттерін орындауға кірісті. Одақ басшысы Урсула фон дер Ляйен екінші мерзімге қайта сайланды. «Біз Еуропаны күшті, қауіпсіз және әділ ету жолында жеті өршіл саяси басымдықты негізге ала отырып жұмыс істейміз», делінген Еуроодақтың Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасындағы хабарламада.
Экономика • 03 Желтоқсан, 2024
Өнеркәсіп саласы еңсесін тіктегелі «Қазақстанда жасалған» деген тіркес жауһарымызға айналды. Нарықтық экономиканың елеулі элементі өндіріс екенін ұққалы, сапалы зауыттар салуға ден қойдық. Десе де жол ортадан тоқырауға ұшырағандар көп болды. Тек сапаны серік еткендер ғана біршама белесті бағындыра алды. Соның бірі – 10 жылдан бері тасы өрге домалаған «Talas Investment Company». Зауыт жылына 15 мың тонна натрий цианидін және 5 мың тонна аммоний сульфатын өндіреді. Алыс-жақын алтын өндіруші компанияларға натрий цианидінің дайын өнімін жөнелтеді. Жамбыл облысының Талас ауданында орналасқан өнеркәсіп кешенін өз көзімізбен көріп қайттық.
Шымкент • 03 Желтоқсан, 2024
Өткен ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанға Ресей, Кавказдан бірталай этнос өкілдері күштеп жер аударылды. Солардың ішінде ахыска түріктері де бар еді. Биыл олардың сол ауыр тағдырлы тарихына 80 жыл толды. Осыған орай жуырда Шымкенттегі Достық үйінде арнайы іс-шара ұйымдастырылды.