Білім • 03 Желтоқсан, 2024
NIS оқытушылары «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының финалисі атанып, үздік педагогтердің ондығына енді. Келесі жылы олар «Global Teacher Prize» халықаралық байқауында ел намысын қорғайды.
Digital • 03 Желтоқсан, 2024
Жемқорлықтан жирендіретін компьютерлік ойын
Абай облысының оқушысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын жасап шығарды. Бородулиха ауданы Жезкент мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрәли Амангелдиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сатылмайтын Алпамыс» атты компьютерлік ойын әзірледі. Жас өнертапқыштың бұл еңбегі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған.
Ғылым • 03 Желтоқсан, 2024
Академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтіп, онда отандық ғылым алдында тұрған келелі міндеттер талқыланды.
Құтқарушы • 03 Желтоқсан, 2024
Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, ефрейтор Әлішер Асылбеков Ішкі істер министрінің атынан жоғары награда — «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Саптық алаңда марапатты әскери бөлім командирі Әмір Мансұров салтанатты жағдайда табыс етті.
Ғылым • 03 Желтоқсан, 2024
Жезқазған қаласында осындай тақырыппен қазақтың тұңғыш академигі, ұлт мақтанышы Қаныш Сәтбаевтың туғанына – 125 жыл, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай республикалық дөңгелек үстел мәжілісі болып өтті.