Технология • 09 Желтоқсан, 2020
Өмірді алгоритмге сеніп тапсырамыз ба?
Коронавирус індетінің басталғанына бір жылға жуықтаса да, әлі күнге шартарапты әбігерге салып отыр. Күн сайын қауіпті дертке шалдыққандар саны артып барады. Қуанышымызға орай ғалымдар бірнеше вакцинаның қауіпсіз екенін мәлімдеді. Осындай кезеңде індеттен туындаған қиындықтың екінші жағы шығады. Ол – моральдық мәселе. «Egemen Qazaqstan» газетінің Project Syndicate жобасы аясында жариялайтын бүгінгі мақалалар топтамасында осы түйткілдер көтерілген. Корнелл университетінің экономика профессоры Каушик Басу өз мақаласында індетпен күреске тілдің әсері туралы ой қозғайды. Оның айтуынша, пандемияға қарсы шаралар қабылдауда кешенді шешім ұстанған жөн. Осы орайда автор Үндістанды мысалға келтіреді. Аталған елдің билігі наурызда қатаң локдаун енгізгенімен, қарапайым жұмысшылардың жағдайын ескермей, індеттің таралуына жол беріп қойды. Каушик Басу індетпен күресудегі ендігі шешім ретінде COVID-19-дан жазылып шыққандарды жалақысы жоғары жұмысқа шақыру деп есептейді. Цюрихтегі Швейцария жоғары техникалық мектебінің Есептеуіш әлеуметтік ғылым профессоры Дирк Хелбинг пен Лугано университетінің бизнес этика профессоры Питер Селе індетпен күрестегі қабылданған шаралардың моральдық жағын әңгімелейді. Қазіргі таңда бірқатар елде науқастарды іріктеуде жасанды интеллект қолданылатыны белгілі. Авторлар мұндай қадам қаншалықты этикаға сай келеді деген сауал тастайды. Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
Әлем • 09 Желтоқсан, 2020

Медицина • 09 Желтоқсан, 2020
Мәселе шешуге арналған орталық
Бұл күнде тұрғындарды толғандыратын мәселе көп. Көпшіліктің бірінші кезекте қайырылатын жері де әуелі жергілікті билік. Сол үшін халықтың талап-тілегіне уақытында жауап беру, арыздары бойынша тиісті шешім қабылдау да әкімдіктің құзырындағы шаруа.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2020
Орталық коммуникациялар қызметінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында өңірдің дамуы туралы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.
Руханият • 09 Желтоқсан, 2020
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «халық ауыз әдебиет үлгілерінің мың жылдық мұрасын жаңғырту аясында, «Дала фольклоры антологиясын» жасау және қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай тағы басқа дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет» деген болатын.