Оқиға • 09 Желтоқсан, 2020
«Қап-қара адам» «Алтын глобус» жүлдесінен үміткер
Режиссер Әділхан Ержановтың «Қап-қара адам» фильмі «Алтын глобус-2020» сыйлығының «Шетелдің үздік фильмі» номинациясына үміткерлердің тізіміне енді. Бұл америкалық жүлдені Голливудтың шетел баспасөз қауымдастығы (HFPA) жыл сайын кино және телефильмдердегі үздік жұмыстар үшін табыстайды.
Тарих • 09 Желтоқсан, 2020
Ақтөбеде «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми конференцияда әр кезеңде 40-тан астам жыршы-жырау орындаған «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жырлары» атты екі томдық альбом таныстырылды. 10 дыбыстық жазба дискісінен тұратын жинақ Мұрын Сеңгірбайұлы жырлаған «Қырымның қырық батыры», Нұрпейіс Байғаниннің «Қарасай-Қазиы», Нұртуған Кенжеғұлұлы жырлаған «Мәулімнияз», «Едіге», «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази» дастандарынан басталады. Бірінші бөлімінде Ноғайлы дәуірінің басты қаһармандары туралы деректер беріліп, жырды осы күнге дейін жеткізген жыршы-жыраулардың өмірбаяндары қазақ, орыс және ағылшын тіліне аударылған.
Экология • 09 Желтоқсан, 2020
Табиғатты қорғау тәрбиелік шаралармен шектеле ме?
Табиғатты қорғау мектепте шаралар өткізумен шектеле ме? Бұл мәселе Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында «Халыққа экологиялық білім беру мен ағарту жұмыстары» тақырыбы аясында қаралды.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2020
Киік қорғаушылармен өткен бір күн
«Адамата жерге түскенде оны ең бірінші көріп, сәлем берем деп ақбөкен іздеп келіпті. Күні-түні тоқтамай шауып, алқынып келіп Адаматаның аяғын сүзе құлаған екен. Адамата жануарды аялап көтеріп, арқасынан сипапты – киіктің жон терісіне хош иіс бітіпті, тұяғынан сипапты – желден жүйрік болыпты, тұмсығынан сипапты – тұмсығы мақпалдай жұп-жұмсақ болыпты...»
Таным • 09 Желтоқсан, 2020
Түнде Ерағам, кәдімгі көсемсөздің серкесі, әсем жырдың еркесі ерен ақын Еркеш Ибраһим түсіме енді. Көкше тауларының батысқа қарай созылып, Жекебаяқ даласымен ұласатын тұсындағы бір сілемі – Ақан тауының етегінде қарашаның жел үйірген жеңіл қары үкідей желпілдеген биікке қызықтай қарап тұр екен деймін. Кенет жотадан зулап келе жатқан қолшана жанынан өте бере бұлт ете түсіп, үстіндегі бала екі-үш аунап тұрып, төмен құлдилай жөнелген шанада жұмысы жоқ, құлағанына қысылғандай ыржиып ақынға қарады. «Байқасаң еді, бәтір, бір жерің ауырып қалған жоқ па?! – деп елжірей түсіп, – бірақ бәріміз де белестен асқанда осылай бір-бір құлап тұрғанбыз..., – деп күліп жіберді. Сол дауыстан оянып кеттім. Апырай, қараша ақынның өмір есігін ашқан айы еді ғой, соны ұмытып кеттіңдер-ау деп жүр ме ұлы рухы жарықтықтың. Иә, жанары от шашып жарқылдап ортамызда жүрсе, тоқсанға келгенін тойлап жатар едік қой деп ұзақ ойға шомып, қайтып көз іле алмадым.