Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020
Шымкентте қоғамдық көліктің 80 пайызы жаңарды
Шымкент қаласында биыл 417 шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 88 шақырым магистралды, 329 шақырым ішкі орамдық көшелер. Сондай-ақ, шаһарда көлік кептелісін болдырмау мақсатында 4 ірі жолайрықтың құрылысы жоспарланып, осы жылы біреуінің құрылысы басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифинг барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020
Алматының "сары" аймақтағы аудандары белгілі болды
Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі 3 желтоқсаннан бастап қала екінші күн қатарынан коронавирус бойынша "жасыл" аймақта. Алайда карантин шаралары сақталған аудандар да бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 04 Желтоқсан, 2020
Асқар Мамин ЕАЭО-дағы инвестициялық қызметті күшейтуді ұсынды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020
Шымкентте жыл соңына дейін 280 арендалық, 4 461 кредиттік пәтер үлестіріледі
Шымкент қаласында тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде шаһарда алаңы 1 млн шаршы метрден астам 14 224 пәтерлі 262 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы салынуда. Оның ішінде, жеке кәсіпкерлер есебінен 6 147 пәтерлі 126 көпқабатты тұрғын үй де бар. Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысы Жолдауының орындалуы жөнінде өткізген баспасөз брифингте баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020
"Теңіз" кенішінде 140 жұмысшы коронавирусқа шалдықты
Атырау облысындағы "Теңіз" кенішінде қарашадан бері 140 жұмысшының коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz