"Президент Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен баспана мәселесіне тікелей байланысты екенін айтқан болатын. Осы орайда Шымкент қаласында баспанамен қамту үшін тұрғын үй құрылысына назар аударып отырмыз. Бюджет есебінен 8077 пәтерлі 136 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 280 пәтерлі 5 арендалық, 4 461 пәтерлі 77 кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған", - деді М.Әйтенов.
Мұрат Дүйсенбекұлының сөзінше биыл қалада құрылыс жұмысы бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткізген. 10 айда 90,6 млрд теңгеге құрылыс жұмысы жүргізіліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 164,2 пайызға жеткен.