Елбасы • 03 Желтоқсан, 2020
Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Әсілінде, таңбалы тарихты тұғырлы тұлғалар жасайды. Бүгініміз – бүтін бір ұлттың темірқазығы бола қойған жоқ. Ендеше, қаз-қаз басқан Тәуелсіз Қазақстанның кешегісіне кері бұрылып, елдік пен еркіндіктің, егемендік пен ерен ерліктің шырайлы шақтарын, аумалы-төкпелі заманда еліміздің іргесін бекітіп, негізін қалаған Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биігіне көз жүгіртіп көрейік.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2020
Құрыш шыңдалған қаладағы кездесу
Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, маңызды мереке лайықты деңгейде аталып өтті. Сондай игі іс-шараның бірі Тұңғыш Президент – Елбасының еңбек отаны Теміртау қаласында жоғары деңгейде өтті. Кездесуге Нұрсұлтан Назарбаевтың серіктестері, этномәдени бірлестіктердің белсенділері, қоғам өкілдері қатысты. Эпидемиялық жағдайға байланысты қатысушылардың көпшілігі қашықтан онлайн режімінде байланыста болды. Ал құрметті қонақтардың біразы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында бас қосты.
Елбасы • 03 Желтоқсан, 2020
Елдікке бастаған Елбасы идеясы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент күнінде «Qazaqstan» ұлттық арнасында тарихы терең, тағылымы мол, киелі шаһар – Түркістан жайында сұхбат берді. «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деп аталған сұхбатта Елбасы Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қалаға қатысты ойларымен бөлісті.
Президент • 03 Желтоқсан, 2020
Президент 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 03 Желтоқсан, 2020
Елордадағы MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында Тұңғыш Президент күніне орай, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен Ruh.kz ақпараттық порталының ұйымдастыруымен «Сүйікті астана» атты фотокөрме өтуде.