Оқиға • 25 Желтоқсан, 2024
Алматыда 20 жастағы кикбоксшыны өлтіріп кеткен
Жас жігіттің өлімімен аяқталған оқиға Наурызбай өңірінде болған. Спортшымен танысының арасында жанжал туындап, екіншісі боксшыға пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Су тасқыны: 36, 4 мыңнан астам отбасына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді
2024 жылы су тасқынынан зардап шеккен 36, 4 мыңнан астам отбасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 25 Желтоқсан, 2024
Биыл қазақ даласының көрікті орындарын аралап, көркем мекеніне табаны тиген шетелдік туристердің саны былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге артты.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Биыл көктемде күн райының күрт өзгеруіне байланысты еліміздің біраз аумағында ағыны қатты өзендер арнасынан асып, су қоймалары әдеттегіден ерте толды. Сөйтіп, он облыстың аумағын су басып, төтенше жағдай жарияланды. Беріктік пен бірлік сынға түскен тасқын кезінде ІІМ, ТЖМ, басқа да мемлекеттік органдардың күш-қуаты апаттық-құтқару жұмыстарын жедел жүргізуге жұмылдырылды. Сонымен бірге бұл сынақ ел мен еріктілердің басын біріктірді.
«Таза Қазақстан» • 25 Желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан» – экологиялық бірегей жоба
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сәуір айынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қолға алынды. Іс-шара елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыруға, азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Аталған жоба еліміздің барлық өңірін қамтып, қалыпты экологиялық болашақтың негізін қалады.