Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Аз да, көп те деп айтуға болмас, келер көктемде, Орынбасар әже Құдай қаласа, 90 жасқа толады екен. Көпті көргені рас. Замандастары тәрізді ерте есейгендердің бірі болды. Бес-алты жасында әкесінің қасында жүріп, егін жинауға көмектесті. Бүгінгілерді сендіру қиын болса да, өмірдің ақиқаты сондай еді. Он бес-он алтыға келгенде, «Артельге» ресми түрде «Тігіншінің үйренушісі» болып жұмысқа орналасты. Содан қашан заңды еңбек демалысына шыққанша тыным тапқан жоқ.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024
Жылдағы дәстүрге сәйкес сан салада жемісті еңбек етіп жүрген дарынды жастар облыс әкімінің сыйақысына ие болды. «Әулиеата үздігі» байқауында бақ сынаған талантты жастарды марапаттау рәсіміне өңір басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты.
Жәдігер • 25 Желтоқсан, 2024
Еңбекшіқазақ ауданындағы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында көненің көзіне айналған жәдігерлер жетіп-артылады. Соның бірі гривна – мойынға тағатын шеңбер түріндегі күміс немесе алтыннан жасалған бұйым. Алтын адам мойнынан ұштарында барыстың басы бар үш жарым орамды спираль тәрізді гривна (мойын алқасы) табылған. Оның негізгі бөлігіндегі түтікшелердің ұштарына алынбалы топса қондырылған.
Саясат • 24 Желтоқсан, 2024
ШЫҰ саммиті: мақсаттар айқындалды, қол жеткізілген нәтижелер қомақты
Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлемдік экономика мен халықаралық қатынастардағы салмағы мен беделін ескере отырып, Астанада өткен құрылым саммиті дүние жүзіндегі сарапшылардың назарын аударды. Оның аясында атқарылған шаралардан аңғарғанымыз, кездесуден күткеніміздің негізінен ақталғанын көрсетеді.
Медицина • 24 Желтоқсан, 2024
Медицинадағы жасанды интеллект: қазіргі жетістіктер мен перспективалар
Жасанды интеллект (AI) соңғы жылдары әртүрлі салаларда, соның ішінде медицинада негізгі құралға айналды. AI дамуы диагностиканы жақсартуға, жекелендірілген емдеуге және пациенттердің деректерін басқаруға ықпал етеді.