Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024

Үздіктер үкіленді

553 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жылдағы дәстүрге сәйкес сан салада жемісті еңбек етіп жүрген дарынды жастар облыс әкімінің сыйақысына ие болды. «Әулиеата үздігі» байқауында бақ сынаған талантты жастарды марапаттау рәсіміне өңір басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты.

Үздіктер үкіленді

«Талантты жас қай кезде де қо­ғам­ның қозғаушы күшіне айналатыны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз саласында үздік са­налған жастарды қолдап келеді. Ұшқыр ойлы жастарды қанаттандыру, оларға қолдау көрсету жұмысы Әулиеата өңі­рінде де тоқтаған емес. Бі­лімімен дараланып, ізде­нісімен көзге түскен жас­тарды қолдауға қай кезде де да­йынбыз. Олардың бір бө­лігі бүгін «Әулиеата үздігі» ата­нып отыр», деді өңір басшысы бай­қау лауреаттарын марапаттау рәсі­мінде.

«Әулиеата үздігі» бай­қауы­­­ның қо­рытындысына сәй­кес «Жылдың үздік жас ақыны» аталымы бойынша ақын Арайлы Жақсылық үздік деп танылса, «Жылдың үздік жас журналисі» аталымында «Еуразия» телеарнасының өңірдегі меншікті тілшісі Ұлдана Жұбай жеңістің би­ік тұғырынан көрінді. Ал «Жыл­дың үздік жас спортшы­сы» аталымында Бексұлтан Боранбай жеңімпаз атанса, «Өнер саласының үздік ма­­маны» аталымы бойынша Ке­нен Әзірбаев атындағы об­лыстық филармонияның өнер­­пазы Дидар Басықараев топ жарды. Бұдан өзге де бір­неше аталым бойынша жеңім­паздар қомақты қаржылай сыйлыққа ие болды.

Салтанатты іс-шара барысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының ие­герлері де анық­талды. Нақтырақ айтсақ, ғы­лым ба­ғыты бойынша Дәу­лет Жа­манқұл, Шынар Тоқта­мыс, мә­дениет саласы бойын­ша Аяна Ким, Ақарыс Сай­лау, медиа саласы бойынша Мерей Бает пен Ерқасым Әбдірахман үздік шық­ты. Грант иегерлерінің барлығына 1 млн теңгенің сертификаты табысталды.

 

Тараз