Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019
Қарағандыда облыс әкімінің шырша мерекесі өтті
Қарағанды облысы әкімінің жаңажылдық шырша мерекесі биыл «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» деген атаумен өтті. Дәстүрлі мерекелік шараға балалар үйінің 180 тәрбиеленушісі, үздік оқушылар, зияткерлік және спорттық олимпиадалардың жеңімпаздары, көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар мен мүмкіндігі шектеулі балақайлар қатысты.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019
Қарағандыда Nur Otan партиясының мүшелері марапатталды
Кеншілер астанасында Nur Otan партиясының бір топ мүшесі марапатталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Технология • 24 Желтоқсан, 2019
IDC зерттеуі: Қазақстан IT нарығы сапалы өзгерістерден өту үшін барлық қажетті алғышарттар бар
Бүгінгі таңда әрбір компания цифрлы ұйымға айналып отыр. Кәсіпорындар мен бүкіл салалар түбегейлі өзгерістерді бастан өткеріп жатыр. Бұл – жұмыс орындары мен қызметкерлердің біліктілігіне жаңа талаптар қоятын, болашақтағы салдары терең төңкерістің нақ өзі. Бұлттық технологияларды, жасанды интеллект пен басқа да озық технологияларды ендіру қарқын алды. Алайда цифрлы трансформацияны жүзеге асырып, бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін компанияларға тек қана технологиялар қажет емес.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019
Таразда көпбалалы отбасылар баспаналы болды
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан халықты қолжетімді баспанамен қамтуға ерекше мән беріліп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру», дей келе, баспана сатып алуға жағдайы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға алу тәртібімен қоныстану үшін мүмкіндік беру қажеттігін де айтқан еді. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан «Нұрлы жер», «7-20-25» және «Бақытты отбасы» сияқты тиімді бағдарламалар қабылданды. Мемлекет басшысының халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, Жамбыл өңірінде ауқымды жұмыстар атқарылуда.
100 • 24 Желтоқсан, 2019
Б.Момышұлы: Қазақ халқының ұлдары отан алдындағы міндетін абыроймен орындайды
Бүгін даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бауыржан Момышұлының туған күні. 1942 жылы «Социалистік Қазақстан» газетіне Коммунистік сәлеммен жіберген Н.Гвардия атқыштар полкы командирінің орынбасары – капитан Бауыржан Момышұлы жазған мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.