Футбол • 24 Желтоқсан, 2019

Жылды 118-орынмен аяқтады

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол федера­ция­сының (ФИФА) ресми сайтында футболдан ұлттық құрамалардың желтоқсан айына арналған рейтингі жарияланды. Жаңартылған тізімде Қазақстан жылды 118-орынмен түйін­деді. Ұлттық құрама қоржы­нын­да 1155 ұпай бар.

Жылды 118-орынмен аяқтады

Өзге құрамалармен салыстырар болсақ, Фарер аралдары (110-орын), Мозамбик (105), Мавритания (100), Кипр (95), Мадагаскар (91), Өзбекстан (85), Кюрасао (80) секілді елдер бізден жоғары орынға жайғасқан. Ал рейтингтің көшін 1765 ұпаймен Бельгия құрамасы бастап тұр. Былтырғы әлем чемпиондары – Франция (1733) екінші, Америка кубогының иегері Бразилия (1712) үздік үштікті қорытындылап тұр.

Қазақстан құрамасы 2019 жылы Еуро-2020 іріктеу кезеңіне қатысып, алты елдің ішінде 5-орын иеленді. Михал Билектің шәкірт­тері үш рет жеңіске жетіп, бір рет тең түсті. Сон­дай-ақ алты ойында жеңіліс­­тің кермек дәмін татты. 10 ойында 10 ұпай жинаған отандастарымыз қарсылас құраманың қақ­пасына 13 гол соғып, қақпамызға 17 гол өткізіп алды.