Хоккей • 24 Желтоқсан, 2019

Жеңісті жолын жалғастыра алмады

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың «Ба­рыс» клубы Мәскеудің «Спартак» ко­ман­дасынан жеңіліп қалды.

Жеңісті жолын жалғастыра алмады

«Барыс» ойыншылары осыдан бірер күн бұрын Мәскеу облысының «Витязь» клубынан 5:2 есебімен басым түскенімен, жексенбі күні ҚХЛ-дің «Батыс» конференциясында 5-орында келе жатқан «Спартак» командасына 3:1 нәтижесімен есе жіберді. Бірінші кезеңде айдын иелерінен Илья Зубов мергендігімен көзге түссе, екінші кезеңде Ар­тем Федоров есепті 2:0-ге жеткізді. Екін­­ші 20 минутта «Барыс» сапынан Арка­дий Шестаков таблодағы көрсеткішті бір шайбаға қысқартқанымен, үшінші ке­зеңде «Спартак» ойыншысы Александр Хохлачев командасының үшінші голын соғып, матчтың нүктесін қойды. Осылайша төрт ойынға созылған «Барыстың» жеңісті жолын «Спартак» кесті.

Елорда командасы келесі кездесуін 25 желтоқсанда Санкт-Петербургтің СКА клу­бына қарсы өткізеді. Матч Нұр-Сұл­тан қала­сындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Балық шаруашылығында береке бар

Шаруашылық • Бүгін, 09:35

Бір секундта қан тоқтатады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Құрылтай қуаты

Пікір • Бүгін, 09:10

Айдағы қонақүй

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Тоқыма тылсымы

Көрме • Бүгін, 08:40

Энергетикалық нысандарды аралады

Энергетика • Бүгін, 08:35

Бес минуттың әсері

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30