Президент • 23 Желтоқсан, 2023
Президент дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2023
Атырауда тағы үш балабақша ашылды
Олар Ақжар-2 ықшамауданында орналасқан «Ақжелкен», Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі «Болашақ», Белинский көшесіндегі «Бәйтерек» балабақшалары. Әрқайсының сыйымдылығы 290 орынға арналған. Облыс әкімі Серік Шәпкенов «Ақжелкен» бөбекжайының ашылу салтанатына қатысып, балаларға сапалы білім мен ұлттық тәрбие беретін жобалар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 23 Желтоқсан, 2023
«Астана Опера» театрында «Umai – 2023» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Кәсіби шығармашылық ұжымдар мен жекелеген өнер қайраткерлерін елеулі шығармашылық жетістіктері үшін қолдауға бағытталған байқау биыл екінші рет ұйымдастырылды. Конкурсты Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне министр Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, мәдениет майталмандары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 23 Желтоқсан, 2023
Республикалық маңызы бар автожолдар: 1 учаскеде көлік қозғалысы шектелді
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдардың 1 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2023
Семейде Президент еңбегін бағалаған мүсіншінің туындысы бүлінді
Абай облысының орталығы Семей қаласындағы «Арбат» алаңында «Құлын мен бала» атты тамаша туынды бүлінді. Қала сәні үшін қойылған, қоладан құйылған бұл мүсін өткен жылдың күзінде ғана «Мәңгілік ел» көшесінің бастауына орнатылған еді. Шағын алаңның бір жақ қапталында Семей қалалық әкімдігі орналасқан.