Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023

FlyArystan 3000-нан астам билетті жеңілдікпен ұсынды

142 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан лоукостері FlyArystan халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында өзінің коммерциялық рейстеріне жеңілдік беретін «Көмек» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жобасын ресми түрде 2024 жылы 1 ақпанда іске қосылатынын хабарлады.

FlyArystan 3000-нан астам билетті жеңілдікпен ұсынды

Айта кетейік, бұған дейін әуетасымалдаушы халықтың ерекше санаттағы тобын қолдауға ниет білдірген болатын. 2023 жылдың шілдесінде FlyArystan «Көмек»корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жобасының пилоттық нұсқасын ұсынып, мынадай жеңілдіктер қарастырды:

• Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға, сондай-ақ оларды ертіп жүретін жолаушы үшін Қазақстан бойынша ұшуға 100% жеңілдік.

• 1-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін және оларды ертіп жүретін бір азаматқа Қазақстан бойынша ұшуға 50% жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ осы екі жолаушының біреуіне 20 келі жүкті тегін тасымалдауға мүмкіндік беріледі.

• 80+ жас санатындағы қарт адамдарға Қазақстан ішінде ұшуға 50% жеңілдік.

2023 жылдың шілдесінде іске қосылған «Көмек» пилоттық жобасының нәтижесінде FlyArystan бүгінге дейін 3000-нан астам билетті жеңілдікпен ұсынды. Бұл өз кезегінде азаматтардың белгілі бір тобының жеке шаруалары бойынша да, денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында да жүріп-тұруына септігін тигізді. Бұл бастама әлеуметтік осал топтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, және де соған кедергі болатын мәселердің санын азайтуға, сондай-ақ авиацияның артықшылығын теңдей пайдалануға ықпал етеді.

– «Көмек» әлеуметтік жобасы туралы естігеннен кейін, біздің қоғамға қолдау көрсетуге дайын әуекомпаниялардың бар екеніне таңғалдым. Алғашқылардың бірі болып мұндай мүмкіндікті пайдаланғанда менімен еріп жүретін адамға да жеңілдік қарастыратыны қуантты, себебі жүріп-тұруым жалғыз өзіме қиынға соғушы еді, – деді әлеуметтік желілерде блогер Ардан Ғалымұлы.

Естеріңізге сала кетейік, FlyArystan әлеуметтік жобалардың басқа да бағыттарына белсенді қатысуда. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағытындағы маңызды қадамдардың бірі деп Абай облысында болған орман өртінің салдарымен күрес кезінде гуманитарлық жүкті тасымалдауға жәрдемдесуді атауға болады. 2023 жылдың маусымында FlyArystan өрт кезінде қаза тапқан жандардың отбасыларына және өртті жоюға қатысқан өрт сөндірушілерге тегін билеттер ұсынды. Игі бастаманы жалғастыра отырып, әуекомпания апат болған аймақтың экожүйесін қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуге дайын. «Asarume» қоғамдық ұйымымен белсенді ынтымақтастық нәтижесінде, «Кең жүрек мың бала» жобасының аясында, қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға зейін қойған FlyArystan жоба қатысушыларына тегін билеттер ұсынды. Сондай-ақ балаларға әуекомпания тарихында өз үлесін қалдыруға мүмкіндік сыйлап, флоттағы 16-шы Airbus A320 ұшағына атау ұсынды.

FlyArystan аз қамтылған отбасылардың балаларына, емделуге немесе ота жасауға ниеттенген ауыр науқас жолаушыларға, сондай-ақ халықаралық жарыстарға ұшатын оқушылар мен студенттерге қосымша жеңілдіктер ұсынады. Тасымалдаушы мұндай сұраныстарды жеке түрде қарастырады.

FlyArystan – Қазақстанда негізделген лоукост әуекомпаниясы. Әуекомпания өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастап, бүгінгі күнде ауқымды бағыттар желісі бойынша қолжетімді бағада әуебилеттерді ұсынады. FlyArystan рейстерін Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларынан Airbus A320 әуе кемелерімен орындайды. Қазіргі таңда әуекомпания паркі 18 ұшақтан тұрады. Ішкі бағыттармен қоса, Грузия, Түркия, Үндістан, Әзербайжан, БАӘ, Катар, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытайға рейстерін орындайды. 2022 жылы FlyArystan Skytrax-тан 4 жұлдызды рейтингке ие болған әлемдегі 12 лоукост әуекомпаниялардың тізіміне енді. Сонымен қатар FlyArystan Skytrax World Airline Awards 2023 беделді марапаттау рәсімінде Орталық Азия мен ТМД елдерінің арасындағы үздік лоукост әуекомпания ретінде марапатталды.