Саясат • 24 Желтоқсан, 2019
Қазақстан-Иордания арасындағы алғашқы консулдық консультациялар өтті
Қазақстан-Иордания арасындағы консулдық мәселелер жөніндегі консультациялардың 1-ші отырысы өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2019
2020 жылы әлеуметтік қорғау жүйесінің кейбір қызметкерлерінің жалақысы артады
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ауруханада, жартылай госпитальда, үйде күтім жасау және уақытша тұру жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері үшін психоэмоционалдық және физикалық белсенділігі үшін қосымша ақы енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2019
Биатлоннан әлем кубогінің үшінші кезеңі аяқталды
Ансиде (Франция) биатлоннан әлем кубогінің үшінші кезеңі өз мәресіне жетті. Жарыс нәтижесі бойынша, Қазақстан әйелдер құрама командасы ұлттар лигасындағы үздік жиырмалыққа енді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Парламент • 24 Желтоқсан, 2019
Дариға Назарбаева Үкіметке заң жобалау жұмыстарының жоспарын алдын ала келісуді ұсынды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау және қызметтен босату туралы» ұсынысы күн тәртібіндегі бірінші мәселе болды. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне ұсынылған кандидаттарды талқылау және қорытындылар дайындау тапсырылды. Сенаторлар бұл шешімге қолдау білдірді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 24 Желтоқсан, 2019
Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы болып, онда Сенаттың 26 желтоқсанда өтетін кезекті отырысының күн тәртібіне 11 мәселе енгізу туралы ұсыныс қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.