Отандасымыз көрсетілген тізімде әлем чемпионы, ресейлік гроссмейстер Александра Костенюк пен блиц шахматтан әлем чемпионы, грузиялық гроссмейстер Нана Дзагнидзені басып озды.
Айта кетейік, 23 жастағы шахматшы биыл Азия чемпионы және FIDE рейтингінде 2500 балдық көрсеткішті бағындырған тұңғыш отандық спортшы атанды.
Көш басында екі бірдей қытайлық шахматшы Хой Ифань мен Чжу Венчжун, ал үздік үштікті үндістандық Хампи Конеру түйіндеп тұр.