Әлем • 23 Желтоқсан, 2019

Австрия елшілігі шараптардың үздік үлгілерін таныстырды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы Австрия Елшілігінің сауда бөлімі Австриялық шарап маркетингі кеңесімен (AWMB) бірге жаңа жыл қарсаңында Алматыда австриялық шараптардың үздік үлгілерінің дегустациясын өткізді. Іс-шараны өткізуге жүзімнің рекордтық өнімін алған австриялық шарап жасаушылардың өткен жылғы үлкен жетістігі себеп болды. Жиналған өнімнен австриялық тұтынушыларға және басқа елдерге экспортқа жіберілген жоғары сапалы шарап саны рекордтық көрсеткішке жетті.

Австрия елшілігі шараптардың үздік үлгілерін таныстырды

Осылайша 2018 жылы Австриядан шарап экспорты бұрынғы рекордты жаңартты. Экспортқа 170,3 млн еуро сомасына 52,6 млн литр шарап жіберілді. Өткен жылмен салыстырғанда экспортқа шарап өндіру көлемінің өсуі 10,5%-ды құрады, сондай-ақ айналым 6,9% өсті. Экспорттық шараптың жартысына жуығы көршілес Германияға сатылды, шамамен 12%-ы Швейцария мен Лихтенштейн экспортын құрады, австриялық шараптың 8,5%-ы АҚШ-қа жіберілді, 6,4%-ы Нидерландыға және 3,1%-ы Ұлыбританияға жөнелтілді. Қазақстандық сомельенің пікірі бойынша, Австрия шараптары біздің елімізде сәнді болып келеді – олар барлық шарап бутиктерінде кездеседі, түрлі танымал мейрамханалар оларды шарап картасына қосып отыр.

– Біз Австрияда жергілікті шарап жасаушылардың жетістіктерін мақтан тұтамыз. Ішкі өндірістің өзінде 15 жыл ішінде шарап саласы австриялық экспорттың маңызды тармақтарының біріне дейін өсті, ол австриялық музыка және инженерлік ғылыммен танымалдығы бойынша бәсекелеседі. Австриялық шараптардың ең үздік үлгілері бүгінде бүкіл әлем бойынша, соның ішінде Қазақстанда да көрсетілгеніне қуаныштымын,- дейді Қазақстандағы Австрия Елшілігі сауда бөлімінің басшысы Рудольф Талер.