Халық • 20 Желтоқсан, 2023
Биыл қазан айында өткен отандастар форумына қатысушыларға арналған съезде Президент: «Біз шетелде тұратын қандастарымызды қолдауға қашанда мән береміз. Олардың тарихи Отанына қоныс аударуына толық жағдай жасалған», деген еді. Қазақстанға кіндік қаны атажұрттан тыс жерде тамғанымен, Қазақстанға оралуды аңсап жүрген қандастар әлі де көп. Мәселен, Атырау облысына 1 желтоқсанға дейін шетелден 212 отбасы көшіп келді. Қазақстанда тұрақты тұру мақсатымен оралған 272 этностық қазаққа қандас мәртебесі берілді.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2023
Елордада «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары белгілі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі іс-шарада 5 бағыт бойынша 30 жоба үздік деп танылды. Марапаттау рәсіміне Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Президент жанындағы жастар саясаты кеңесінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Білім • 20 Желтоқсан, 2023
«Болашақ» стипендиясы тағайындалды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Білім • 20 Желтоқсан, 2023
Кейінгі жылдары елімізде Қытайдың көліктері көбейе бастады. Жанар-жағармаймен жылжитын көліктен басқа, электрмобильдердің де қатары күн санап артып келеді. Ал оларға қызмет көрсететін бізде маман бар ма? Сондықтан да Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде Лу Бань шеберханасы ашылды.
Денсаулық • 20 Желтоқсан, 2023
Медицина саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын өсетіні түсінікті. Әйткенмен, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі іске қосылғанға дейін медициналық қызметтерге шамамен 1 трлн теңгенің төңірегінде қаржы бөлінсе, келер жылға сатып алу жоспары 2,8 трлн теңгені құрап отыр. Былтырдың өзінде МӘМС жүйесінде 11,4 млн адамға медициналық көмек көрсетіліпті.