Депутаттың айтуынша, жастарымыз TikTok пен Instagram-ның тұтқынына айналып, ұлттық тәрбие өнегесінен ажырап барады.
«Күні кеше ғана Астанада өткен Akon-ның концертінде жанкүйер жастар төмен моральдық мінез-құлық көрсетті, еліміздің беделіне нұқсан келтірді. Ал ұйымдастырушылардың әншіні ұлттық киіммен қарсы алып, домбыра сыйлағандары тіптен орынсыз деп санаймын. Ұлттық музыкалық мұрамыздың символы - қасиетті домбыраны әйелдерді қорлауды насихаттаудың айқын сипатына ие «Smack that», «hypnotiser» сияқты әндерді орындайтын әншіге беру – парықсыздық, ұлттық құндылықтарды табанға таптау деп қабылдаймын», деді депутат.