Құтқарушы • 21 Ақпан, 2024
Суға батқан баланы аман алып қалған құтқарушылар марапатталды
Алматыда 18 ақпан күні бала өмірін судан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен лейтенант Абиров Серік марапатталды. Подполковник Қасенов Талғат пен майор Ілияс Серік ҚР ТЖМ Алғыс хатын алды. Министр атынан марапатты Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы полковник Нұрлан Атығаев табыстап, алғыс білдірді. Сондай-ақ баланың әкесі ТЖД-ға арнайы келіп, құтқарушыларға отбасының атынан алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Ақпан, 2024
Жуырда дзюдодан Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен Grand Slam додасында 48 кг салмақта белдескен Әбиба Әбужақынова қола медаль иеленді. Енді 1-3 наурыз аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында Grand Slam турнирі өтеді. Рейтингтік ұпай үлестірілетін додада үштікке ену – Париж Олимпиадасының жолдамасына қарыс қадам жақындай түсу деген сөз. Бакудегі бәсекеде ерлер мен қыздар құрамасынан жалғыз өзі жүлде алған Әбибаны әңгімеге тарттық.
Заң • 21 Ақпан, 2024
Ел азаматтарының жеке дерегін сатпақ болған хакер сотталды
Халықтың жеке деректері сақталған мемлекеттік маңызды ақпарат жүйесіне қол сұққан азаматтың кінәсі толық дәлелденді. Ақтау қалалық соты оны 3 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2024
Қарағанды облысында бірнеше ауыл карантинге жабылды
Қарағанды облысында бірден төрт елді мекен карантинге жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2024
450-ден астам су саласы маманы біліктілігін арттырады
Биыл су саласының 450-ден астам қызметкері мамандандырылған орталықтардың жанындағы біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласы мамандарының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.