Аймақтар • 21 Ақпан, 2024

Қарағанды облысында бірнеше ауыл карантинге жабылды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды ​​облысында бірден төрт елді мекен карантинге жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында бірнеше ауыл карантинге жабылды

фото: Almaty.tv

Жылқылар арасында эпизоотиялық лимфангит тарағаны белгілі болды. Үміткер ауылының тұрғындары мәселені былтыр көктемде айтқан болатын. Кейіннен індет Ұлға, Төрткөл, Ынталы ауылдарындағы малдан анықталды. Ол кезде 180-нен астам мал өлген.

«Зертханалық қорытынды бойынша, бұл эпизоотиялық лимфангит екені дәлелденді. Бұл ауруға қарсы вакцина биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында жасалған. Препарат зертханалық тексеруден өткен. Бұл вакцинамен сау малды егетін боламыз», дейді ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38