Қазақстан • 22 Ақпан, 2019
Биылғы жылдың межелері бекітілді
Биыл Индустрияландыру бағдарламасы аясында жалпы сомасы 1,1 трлн теңгені құрайтын 120 жоба іске қосылады. Соның негізінде 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы кеше Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім болды.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2019
Премьер-Министрдің орынбасары Солтүстік Қазақстанда болды
Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев жұмыс сапармен Қызылжар өңіріне келіп, бірқатар кәсіпорынды аралады.
Қазақстан • 22 Ақпан, 2019
Халықаралық іздеуде 2525 адам жүр
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында күн тәртібіне бес мәселе шығарылды. Олардың үшеуі Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы өзара құқықтық көмек, адамдарды ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы келісімдерді ратификациялауға қатысты болды.
Қазақстан • 22 Ақпан, 2019
Атырауда ІІІ халықаралық өлкетанушылар форумы өтті
Атырау қаласында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі және Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен ІІІ халықаралық өлкетанушылар форумы өтті. Екі күнге созылған шараға еліміздің барлық өңірінен және Германия, Венгрия, Ресей және Өзбекстаннан өкілдер келді.
Үкімет • 22 Ақпан, 2019
СІМ-де инвестиция тартудың кешенді экожүйесін құрудың практикалық аспектілері қаралды
Сыртқы істер министрлігінде инвестициялық-экспорттық қызмет мәселелері жөнінде екі күндік жиналыс өтуде.