Тарих • 14 Ақпан, 2018
Жолжазба: Көне тарих көмбесі – Кастамону
Дүйім түркі дүниесінің биылғы мәдени астанасы болып жарияланған Кастамону топырағында небір кенен ойлы кемеңгерлер өмір сүрген көрінеді. Солардың бірі – ай-жұлдызды байрақты Анадолы жұртына аты мәшһүр тұлға шейх Шабан-и Вели. Көне шаһар бізді осынау айтулы тұлғаның «Гелишиниз гүле-гүле, Гитишиниз гүле-гүле...» деген әуезді шумақтарымен қарсы алды. Қазақшалап төтесінен қайырсақ, кереметтерге толы кентімізге күліп келіп, күліп кетіңіз дегені ғой. Жарықтықтың жарым ырыстай жақсы сөздері шаһарды шарлап жүрген барлық автобустардың маңдайшасына жазылғанын байқадық. Біз мұны қонақжай кастамонулықтардың қошеметшіл көңілдерінің көрінісіндей қабылдадық.
Қазақстан • 14 Ақпан, 2018
Жұрт көкейінде жүрген елдік, мемлекеттік мәселені газет бетінде көтергені үшін өскемендік әріптесіміз жұмыстан шығарыла жаздады. Абырой болғанда, мәселеге журналистер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен облыс әкімдігі дер кезінде араласып, жағдай біршама реттелгендей болды.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2018
«Мирас» қоғамдық кеңесінде Елбасының халыққа Жолдауын түсіндіру жөнінде мәжіліс өтті
«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінде Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауын түсіндіру және насихаттау жөнінде мәжіліс өтті.
Қазақстан • 14 Ақпан, 2018
Оразкүл Асанғазы: Тілді сақтау – ұлтты сақтаудың кепілі
Ғаламдық даму, жаһанданудың жаңа мүмкіндіктері мен талаптары әрбір мемлекеттен осындай жаңаша әрекеттерді күтетіні түсінікті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы еліміз үшін маңызды осындай қадамдардың қамы десе боларлық. Он тараудан тұрып өміріміздің барлық негізгі салаларын қамтитын бұл Жолдаудың қай тарауы да өзінше маңызды.
Қазақстан • 14 Ақпан, 2018
Мұғалім пайымы: Табысты болудың кілті – білімде
Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында табысты болудың басты факторы білім екеніне назар аударады. «Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», деп атап өтеді Мемлекет басшысы.