Қазақстан • 23 Ақпан, 2021
Ақтоқты сұлудың тігін машинасы
Жуықта Көкшетау қаласына жолымыз түсті. Облыстық мәдениет басқармасына қарасты Әдебиет және өнер музейіне ат басын бұрдық. Мекеменің ғылыми қызметкері, Бақытбек Бекмұратұлының айтуына қарағанда, музей қорында 10 мыңға тарта жәдігер бар екен. Дені – ұлттық әдебиет пен өнерге қатысты көне қолжазбалар мен кітаптар. Осылардың ішінде біздің назарымызды аударған дүние – атақты Ақтоқты сұлудың тігін машинасы.
Руханият • 23 Ақпан, 2021
Мәдениет және спорт министрлігі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және Түркістан тағылымы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мәртебелі жиынға Жамбыл Артықбаев, Берекет Кәрібаев, Хазіретәлі Тұрсын сынды маман тарихшылар, елбасытанушы Сейдулла Садықов, теолог ғалым Досай Кенжетай және басқа зиялылар, музей қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2021
«Шахнама» – музейдің шамшырағы
Жезқазған қаласындағы тарихи-археологиялық музейде сақтаулы тұрған бұл «Шахнама» кітабы келушілердің ерекше қызығушылығын тудыратын құнды жәдігердің бірі.
Өнер • 23 Ақпан, 2021
Адамның бет-ажары – оқи білген адамға сырға толы көне кітап тәрізді. Қарсы алдыңда отырған жанның жанарына үңілген сайын жұмбақ бір әлемге енгендей боласың. Кісінің қарашығынан қиялға шомғанын, қияға көз тастағанын, қимасынан айырылғанын айыру оңай. Көзқарасына қоныстанған құпиялар маңдайындағы тағдырдың мәні мен мазмұнындай көрінеді. Жазмышқа мойынсынған пенде ғұмыры не деген аянышты еді.
Тарих • 23 Ақпан, 2021
Әлихан Бөкейханның ғылыми мұрасы жете зерттеуді қажет етеді
Тарихымызға өшпес із қалдырып, халқымыздың айрықша құрметіне бөленген көрнекті тұлғалардың бірі – Әлихан Бөкейхан. Ол – Қазақстан мен Ресейдің қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» азаттық қозғалысының және Алашорда автономиялы үкіметінің басшысы, ғалым, журналист және аудармашы.