Адамның бет-ажары – оқи білген адамға сырға толы көне кітап тәрізді. Қарсы алдыңда отырған жанның жанарына үңілген сайын жұмбақ бір әлемге енгендей боласың. Кісінің қарашығынан қиялға шомғанын, қияға көз тастағанын, қимасынан айырылғанын айыру оңай. Көзқарасына қоныстанған құпиялар маңдайындағы тағдырдың мәні мен мазмұнындай көрінеді. Жазмышқа мойынсынған пенде ғұмыры не деген аянышты еді.

Кеше мен сол мұңлы жанарды жолықтырғандаймын. Адамзат баласы жаралғаннан бері өмір сүріп келе жатқан азалы жанар. Құдды құлама құз секілді. Қараған сайын, аяғың тайып кетердей жасқанасың. Сөйте тұра өзі жерден ауыр, аспаннан жеңіл, күн сәулесінен жүйрік, найзағайдан өткір. Сонау қайта тірілмес мамонт секілді мәңгі өшкен, өткен күн елестер иіріміне тартады. Тауы шағылған талмау көңілдің ызалы айқайы бар. Орманы отқа оранған құстың қанатымен су себуге оқталғанындай. Шарасыздық пен шырғалаң. Бәрі-бәрі тұтасып келіп сол жанның жанарына ұя салғандай. Ол жұмбақ жанар – алуан тағдырлы ауған қызына тиесілі.
Ғұмыр парағының сарғайған тұсын сағынышына балап, дулы дүниеден ізгілік іздеген жолаушы кейіпте. Ойлы көзбен қарасаңыз, қасіреттің табы байқалады. Отанынан алыстатқан опасыз дүние. Балалығын жоғалтқан бойжеткен.
Бұл сырлы сүгірет – америкалық фотожурналист Стив Маккурридің 1984 жылғы сапарларының бірінде түсірген еңбек. Ойда жоқта объективке іліккен ауған аруы, оны бір-ақ сәтте жұлдызға айналдырды. Әлем ерекше фотосуретті «Ауған қызы» немесе «ауғандық Мона Лиза» деп атады. Ғажабы сол, Стив оны Ауғанстанда емес, Пәкістанда, яғни босқындар лагерінде түсірген екен. Босқын қыздың бостандықты аңсаған көз-жанары жаһанды ойға шомдырды.
1985 жылы ғажайып фотосурет National Geograhpic журналының алғашқы бетіне басылды. Әйгілі журналдың сол жолғы мұқабасы басылымның 40 жылдық ғұмырында ең үздік 10 мұқаба тізіміне енді. Тіпті «Ауғандық Мона Лиза» атақты революционер Че Гевараның портретін артта қалдырып, мыңдаған тиражбен әлемге жол тартты.
Бұл фотосуреттің құпиясы неде десеңіз? Біріншіден, қыз өте әдемі. Содан соң оның көзқарасынан үлкен толқыныс анық байқалады. Оймақтай көзінде қорқынышпен қатар, қайсарлық пен табандылық ұйысқан. Ол лагерьдегі босқынның бірі бола тұра, кедейліктің қамытын кисе де орамалы арқылы тектілігін тәмам жұртқа баян етіп тұр. Мұсылман қызының абыройы бәрінен жоғары екенін көзқарасынан ұқтырған сұлудың қарасы елітіп әкетеді.
«Оны батыстық стильде киіндіріңіз, сонда біздің қоғамның кез келген мүшесіне ұқсайтын болады», дейді автор өзінің естелігінде. Фотограф кейіпкерін Ауғанстанға барған әр сапарында іздеп табуға тырысты. Бірақ нәтиже болмады.
Шынында, өмірінде кездейсоқ кездескен кейіпкері қайта қолына оңайлықпен түспеді. Басына бақ болып қонған фото үшін ауған аруына алғыс айтуды аңсады. Осылайша, 2002 жылы «National Geographic» ұжымы Ауғанстанға экспедицияға барып, әйелді іздейді. Олар фотосуретті өтіп бара жатқан адамдардың барлығына көрсетіп, хабар жинайды. Ақыры қала тұрғындарының бірі танып, қайдан табуға болатынын айтады.
Үш күнгі тоқтаусыз ізденістен кейін, топ ауған әйелі қоныстанған аймаққа барады. Қызығы, фотограф сол бет ерекшеліктерін бірден таниды. Қыздың өзі егде тартқанмен, баяғы отты жанар әлі өшпеген. Оның есімі – Шарбат Гула екен. Фотосуреттің соншалықты танымал болғанын білген Шарбат қатты таңғалады. Өзінің жас кезіндегі кейпін көріп, көңілі құлазиды.
Сол сәтте «National Geographic» ұжымы өздеріне үлкен бедел әкелген тұлғамен қайта жолыққандарына риза болып, кез келген тілегін орындауға уәде етеді. Автор да өзінің осыншама атақ-дәреже сыйлаған аруға басын иеді. Шарбат олардан үш қызына арнап тігін машинасын сатып алып беруді сұрайды. Жоқшылықтан әбден күйреген ана балаларының ең құрымаса кәсіппен айналысып, нәпақа табуын ойлаған. Бұл оқиға да көпшіліктің жүрегін елжіретті.
2016 жылы Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани Шарбатпен кездесіп, жаңа пәтердің кілтін табыстады. Мемлекет басшысы оған отбасының білімі мен денсаулығын қадағалауға сөз береді. Міне, әлемнің назарын өзіне аудартқан бір фотосуреттің тарихы осындай.
Иә, ауған қызының ішкі халі қарашығынан қарап тұрғандай. Атақты суретші Амедео Модильянидің «Жан күйіңнің түсімен, жанарыңды бояймын» дейтін сөзі ойға оралады. Осы жанардан әлемнің қайшылықтары мен қиындықтарын аңғармау мүмкін еместей...
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Қоғам • Бүгін, 09:26
Шымкентте үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қызмет көрсетуде белсенділік танытуда
Аймақтар • Бүгін, 09:19
Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше жерге есірткі жасырған
Қоғам • Бүгін, 09:12
Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Төрт күнде тұрмысы қолайсыз 400-ден астам отбасы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 09:07
Ұқсас жаңалықтар