Экономика • 23 Ақпан, 2021
Мемлекеттің экономикадағы үлесі азаяды
Жақында Ұлттық банк алдағы уақытта экономикаға қатысуды кезең-кезеңмен шектейтінін мәлімдеді. Бұл кезең 2023 жылға дейін жалғасады. Осы уақыттан кейін мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі төмендейді, ішкі нарық өз бетінше өмір сүруге қам жасайды, жеке сектордың белсенділігі де айтарлықтай арта түседі деп күтілуде.
Өнер • 23 Ақпан, 2021
Бірде ол балалар ойнайтын серуен бақта шар ату сайысынан жұмсақ ойыншық ұтып алады. Әлдебір уақытта оның көзі ақыл-есі кемтар, жасы сегіз-тоғыздардың шамасындағы балаға түседі. Дереу қолындағы ұтып алған жұмсақ ойыншықты әлгі балаға ұстата қояды. Бала «Рахмет!» дейді. Кемтар баланың әкесі сол жерде өксіп жылап жібереді. Неге жылағанын сұрағанда: – «Баламның осы жасқа келгенше тілі шықпаған, ол ешқашан сөйлеп көрмеген болатын», дейді.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2021
Шекаралас өңірлер ерекшелігі ескерілсе, талай ауыл сақталып, көркейе түсер еді
Ресеймен шектесіп жатқандықтан, еліміздің «солтүстік қақпасы» атанған Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына қарасты Қулыкөл ауылы облыс орталығынан 560 шақырымдай, ал аудан орталығынан 180 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Сол маңайдағы талай елді мекеннің тоз-тозы шығып, тарап жатқанда жолы нашар, қиян түкпірдегі Қулыкөлдің іргесі сөгілмей, жылдан-жылға көркейе түскендігі қайран қаларлықтай.
Саясат • 23 Ақпан, 2021
Елордада «Астанадағы ЕҚЫҰ-2010 саммитінің тарихи мәні мен өзектілігі» халықаралық онлайн-конференциясы өтті. Іс-шара Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы мен Сыртқы істер министрлігі, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі мен Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2021
Қазақты сүйіп, қазақ тілін қастерледім
Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында батыс шекараға жақын тұратын поляктардың қатарында менің әкем Иосиф Дворецкойды да ата-анасымен бірге Солтүстік Қазақстан облысының Келлер ауданындағы Ростовка ауылына жер аударады. Айдалып келгендердің бәрі жергілікті комендатураның бақылауында, үш шақырым алысқа шыға алмайтын қатаң тәртіпте ұсталады. Бұл елді мекеннен қазақ ауылдары алыстау. Сондықтан олар қазақтарды да сирек көреді.