Руханият • 24 Ақпан, 2020
Кешірілер кемшілік «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы кезінде журналист Сауытбек Абдрахманов Сыр бойындағы бір іссапары барысында Шиелідегі «Қазатаомөндірісіне» қарасты №6 кен басқармасына соғады. Жергілікті әкімдер мен кен басқармасының басшылары күтіп, жұмыс жағдайымен таныстырады. Соңынан қорытынды жиын өтеді. Соңынан сөз алған қаламгер өз тұжырымдарын айта келіп: «Негізінен жұмыстарыңыз дұрыс секілді. Дегенмен, бір кемшіліктеріңіз бар екен..» деп басшыларға сынай қарайды. Лауазымды адамның аузынан «кемшілік» деген сөз шыққаннан: «Ойпырмай, қай жағымыздан құдай ұрып қалар екен» деп жергілікті басшылар қыпылықтай бастайды. «Кемшіліктеріңіз сол... руға бөлінеді екенсіздер..» дейді Сауытбек. Басшылардың бірі: «Жоқ, ә, бізде бөлінушілік жоқ», десе, екіншісі мойындағандай: «Қазақ болған соң, ондай-ондай кездесіп қалуы мүмкін...» деп күмілжиді. Шамалы үзіліс жасап алған Сәукең: «Және де оларыңызды әр жерге жазып қояды екенсіздер» деп қадала түседі. «Олай емес десеңіздер, РУ-6, РУ-4, РУ-3» деген жазуы бар көрнекілікті қалай түсінеміз?» дейді күлместен. Осы кезде алдыңғы сөздің зілінен сасқалақтаған басшылар Абдрахмановтың әзілдеп отырғанын енді аңғарғандай жамырай сөйлей жөнелісіпті: «Ойбай-ау, ол мекеменің аты емес пе, РУ-деген «Руда Управление» дегеніміз ғой...
Аймақтар • 24 Ақпан, 2020
Шаһар шырайын шағын бизнес ашады
Республикалық қала мәртебесін алғаннан бері Шымқаланың дамуына сын көзбен қарап, «шаһар дотациядан қашан құтылады?» деген пікірлер жиі айтыла бастады. Дегенмен де Елбасының бұл шешімі Шымкенттің шырайын арттырып, дамудың даңғыл жолына түсіре бастады. Бас-аяғы екі жылдың ішінде шетелдік инвесторлардың назары ауған аймаққа айналып шыға келді.
Сұхбат • 24 Ақпан, 2020
Мәйегі мығым мәдениетке туристер де қызығады
Шырайлы Шымкент шаһары үшінші мегаполис мәртебесін алысымен халықаралық іс-шараларға белсене араласа бастады. Еліміздің оңтүстігінде орналасқан 2200 жылдық тарихы бар ежелгі қала 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып жарияланды. Енді шетелден келген қонаққа Қазақ елінің меймандостығын, мәдениетін, тұрмыс-салтын, дәстүрін жақсы қырынан көрсету қажет. Осы арқылы миллионнан астам тұрғыны бар қаланы халықаралық ірі туристік маршруттарға қосқан ләзім. Таяуда тұрғындарға берген жылдық есебінде шаһар басшысы Мұрат ӘЙТЕНОВ бұл тұрғыда қаланың жоспары айқын, мақсаты биік екенін жеткізді. Қала әкімімен әңгімемізде аталған тақырыпты тарқата түстік.
Сұхбат • 24 Ақпан, 2020
Жансейіт Түймебаев: Ынтымақ үшін ымыра маңызды
– Жансейіт Қансейітұлы, Жамбыл облысындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясының құрамымен Қордай ауданында болып қайттыңыз. Ел ішіне барып білгеніңізді, көрген-түйгеніңізді өз аузыңыздан естісек... – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жергілікті халықпен бірқатар кездесу ұйымдастырылып, Қордай, Масанчи, Ауқатты, Сортөбе елді мекендерінің жағдайымен таныстық. Екі тарапты тыңдай келе, көпшіліктің ортақ пікірінен кейін тұрмыстық жанжалдың бірнеше себебі анықталды.
Экономика • 24 Ақпан, 2020
10 жыл субсидияланған саланың жыры
Мал шаруашылығындағы тауарлы-спецификалық субсидияларды қысқарту мемлекеттік бағдарламасының аясында биылдан бастап тағамдық жұмыртқа өндірісін субсидиялау тоқтатылады деп жоспарланған. Осы шешімге орай соңғы уақытта құс фабрикалары басшыларының, сондай-ақ Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының тарапынан түрлі пікір айтыла бастаған-ды. Әлеуметтік желіде де әлеуметтік маңызы бар тамақ қымбаттап кететін болды деп ерте бастан дабыл қаққандар бой көтергені рас. Осы орайда, Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялаудың неліктен тоқтатылатыны туралы жан-жақты түсіндіріп, салада қалыптасқан ахуал туралы жан-жақты мағлұмат берді.