Қоғам • 23 Ақпан, 2021
Адвокат абыройы немен өлшенеді?
Адам құқын қорғау. Адвокаттың басты мақсаты, міне, осы. Сол себепті заң үстемдік құратын елдерде бұл мамандық иелеріне деген сұраныс та, құрмет те жоғары. Осыдан оншақты жыл бұрын қоғамда «тас лақтырсаң, заңгерге тиеді» деген пікір жиі айтылатын. Конвейерден шыққандай көбейіп кеткен заңгерлердің заң саласында бәсекелестікті бәсеңдетіп жібергені рас. Алайда уақыт бәрін өз орнына қойды.
Спорт • 23 Ақпан, 2021
Кеше Нидерландтың Роттердам қаласында осы жазда Токиода алауы тұтануы тиіс Олимпия ойындары бағдарламасындағы ватерполшылар турнирінің жеребесі тартылды.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2021
Сапасыз жұмыс сергелдеңге салады
Қыстың көзі қырауда, ақборан ақпан айында Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласындағы орталық қазандықта жылыту құрылғылары істен шығып кетіп, жергілікті жұртшылықты әбігерге салған еді. Бұл төтенше оқиға салдарынан қаладағы бірқатар нысан жылусыз, ыстық сусыз қалды. Зерделеу нәтижесі бойынша, қазандықтың істен шығуына сапасыз мазут себеп болған.
Тарих • 23 Ақпан, 2021
Ақтаңдақты ғылыми тұжырым ғана айқындайды
Тарих ғылымы басқа гуманитарлық ғылымдармен салыстырғанда, мемлекет тарапынан әділетті қолдауға аса мұқтаж. Мұның себебі өткен ғасырда оның шын мәнінде «сарай ғылымына» айналып, тоталитарлық жүйенің біржақты саясатын бұқара арасында насихаттаушы қуатты идеологиялық құралға айналуында жатыр. Шүкіршілік, еліміз тәуелсіздік алған соң тарихымыз да саяси еркіндікке, рухани дербестікке қол жеткізді. Енді тарихшылар ақиқатқа негізделген тәуелсіз ойларын өз зерттеулерінде қаймықпай, жалтақтамай жаза алатын жаңа заман мүмкіндігіне ие болды.
Күрес • 23 Ақпан, 2021
Аралас жекпе-жектен әлемдегі ең белді промоушендердің бірі – Ресейдің АСА ұйымы (Absolute Championship Akhmat) өзінің жаңартылған рейтингін жария етті.