Партия • 20 Ақпан, 2023
Үгіт-насихат кезеңі іске қосылысымен «Amanat» партиясының республикалық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Партия төрағасы Ерлан Қошанов тікелей эфирде саяси құрылымның «Халықпен бірге!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын жариялады.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2023
Өткен жұмада Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Шығыс Қазақстан облысына барып, онда кәсіпкерлермен, қауымдастықтармен, өңір тұрғындарымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ облыс аудандарында фермалар мен шаруа қожалықтарын аралады, Ауқымды жоба (Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесі бойынша фермалар салу үшін жеңілдікпен қаржыландыру) пулына енгізу үшін үміткер жобалармен танысты.
Ауыл • 20 Ақпан, 2023
Сенаттағы парламенттік тыңдау барысында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының бағыттары туралы баяндады.
Тұлға • 20 Ақпан, 2023
Ғылым, білім биігінде орны бар
Жұртшылық жақсы біледі, Құралбек Құлажанов – көрнекті ғалым, білікті басшы, жоғары мектептің іскер ұйымдастырушысы, ұлағатты ұстаз. Сексеннің сеңгіріне шыққан осынау мәртебелі мерейжасына ол отандық ғылым мен жоғары білім беру ісінің ірі өкілі ретінде үлкен жетістіктерімен келіп отыр. Химия ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының, Ұлттық инженерлік ғылым академиясының, Ұлттық жоғары мектеп ғылым академиясының, сондай-ақ бірқатар халықаралық ғылым академияларының академигі Құралбек Сәдібайұлының елге сіңірген еңбегі зор.
Кәсіпкер • 20 Ақпан, 2023
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті бизнес субъектілерінің жеке және жүйелік мәселелерін шешуге, өнімдерін өзге нарықтарға шығаруға көмектесуді негізгі мақсат етіп отыр. Кәсіп бастаған азаматтардың біліктілігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру да негізге алынды.