Алматы • 20 Ақпан, 2024
Алматы агломерациясы: Әкімдер қандай мәмілеге келді?
Алатаудай тәж киген Алматы қаласы жыл өткен сайын құлашын жайып келеді. Мегаполистің халқы көбейіп, бұрынғы облыстың есебінен жаңа аудандар пайда болып жатыр. Мұндайда Алматы және Алматы облысы әкімдерінің ойласпай отыра алмайтыны аян. Нақты жобаларға қатысты құжат түрінде мәміле жасамаса тағы болмайды.
Экономика • 20 Ақпан, 2024
Халықаралық ұйымдар қашанғы әдетімен мемлекеттердің экономикалық әлеуетін сараптап жатады. Қазақстанға да қатысты талай шолу жасалды. Дүниежүзілік банк (ДБ) осы жолғы макроэкономикалық шолуында бізді мақтамен бауыздапты. Таразы басын тең ұстағандай көрінгенімен, қателерімізді бетімізге басып, кей айырмашылықтарды аймандай етіп әшкерелеген тұсы көп. Ұяты бар адам оқыса, екі беті дуылдап-ақ кетердей.
Өндіріс • 20 Ақпан, 2024
Өңдеуші өнеркәсіпке өзгеше көзқарас керек
90-жылдары нарықтық экономикаға көшу кезеңінде еліміздегі өндіріс орындары тоқырауға ұшырап, қаржылық тапшылықты бастан кешті. Осындай күрмеуі қиын мезгілде біздегі ірі кәсіпорындардың әлеуеті әлсіреп, біраз тәжірибелі маман «қара қазан, сары баланың қамы үшін» білімдерін ала дорбаға ауыстырған болатын. Қай салада да жағдай мәз емес, соның ішінде химия өнеркәсібі мүшкіл халде еді.
Қоғам • 20 Ақпан, 2024
Зорлық-зомбылықсыз қоғам және балалар
Алматыдағы БҰҰ кеңсесінде «Зорлық-зомбылығы жоқ қоғам» жобасы таныстырылды. Бастамашы топ қоғамды алаңдатып отырған түйткілді мәселенің алдын алу мақсатында балалар суреттерінің республикалық байқауын ұйымдастырды. Алты айға созылатын іс-шара аясында іріктеу кезеңінен өткен жұмыстар Вена және Алматы қалаларында өтетін көрмеге қойылады.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2024
Жетісуда газ турбина стансасы салынады
Жетісуды толық газбен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатыр. Әсіресе облыс орталығынан алыста орналасқан ауылдарды жылумен қамту маңызды. Осы ретте Талдықорған қаласында электр және жылу энергиясын өндіруді ұлғайту мақсатында газтурбина стансасын салу жоспарланып отыр. Оған жеке инвестор 37 млрд теңге қаражатын құймақшы.