Жастар • 20 Ақпан, 2024
Жасанды интеллект және аграрлық білім
Елімізде ауыл шаруашылығында кадр тапшылығы байқалады. Әсіресе техниканың тілін меңгерген маман табу мұң. Тіпті жоғары жалақы ұсынып, тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етсе де, жастардың бұл салаға қызығушылығы төмен. Осы мәселені мейлінше реттеуді көздеген елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жас зерттеушілері егіннің кез келген шығынын азайта отырып, оны дербес және тиімді басқара алатын ақылды жүйені жасақтап шығарды.
Білім • 20 Ақпан, 2024
«Болашақ» бағдарламасымен кейінгі 30 жылда 15 мыңнан аса отандасымыз шетелде біліп алып, тәжірибе жинақтаған. Алайда осы аралықта шекара асқан 270-ке жуық стипендиат елге оралмаған. Бұл туралы «Amanat» партиясы жанындағы республикалық Жастарды қолдау кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Жиында қазақ жастарына қанат бітірген жобаның ендігі даму перспективалары мен өзекті мәселелері талқыланды.
Технология • 20 Ақпан, 2024
Жасанды интеллект адам миының компьютерлік томографиясына қарап ой оқуды үйренді. Бұл инсульттан кейін сөйлеу дағдыларын жоғалтқан адамдарға көмектеседі.
Спорт • 20 Ақпан, 2024
Футбол • 20 Ақпан, 2024
Дарынды жастар шетел асып жатыр
Бүгінде Еуропаның бірқатар клубы қазақ футболшыларына қызығушылық танытып жатыр. Бұл жаңалықты естіген жанкүйерлер қатты қуанып отыр. Себебі олар қарт құрлықта өнер көрсетіп, шеберліктері әбден шыңдалған ойыншылар келешекте тұралап қалған Қазақстан футболының жаңа деңгейін көтеруге елеулі үлес қосады деп үміттенеді.