Өшпес даңқ • 19 Ақпан, 2025
Осыдан он жыл бұрын Орал қаласының Фрунзе көшесіне аты аңызға айналған батыр Абдолла Жұмағалиевтің есімін беру жөнінде бірнеше мекемеден ұсыныс түскен еді. Бірақ «жүрегін жауға бомба ғып жарған» қаһарманды ұлықтау Жеңістің 70 жылдығында ескерусіз қалды.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2025
Қазір мектептер мен арнайы оқу орындарында жастардың патриоттық сезімін тәрбиелеу мақсатында көптеген ұйым мен үйірме қызмет атқаратыны белгілі. Жемісі де, жеңісі де көңілге жылылық ұялатады. Жақында Көкпекті ауданының «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары кейуананың өмірін сақтап қалды.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2025
Жетісуда «Мизам» әдебиет мектебі құрылды
Жыл сайын мектептерде түрлі республикалық шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады. Өлең не эссе жаза алатын оқушыны дайындауды мұғалімге жүктейді. Ал педагог қайтсін, өзі ақын не жазушы болмаса да балаға хәл-қадірінше бағыт-бағдар береді. Амал жоқ, жоғарыдан түскен тапсырма солай. Осы олқылықты түзету мақсатында һәм жастарды әдебиетке баулу үшін Жетісуда «Мизам» әдебиет мектебі құрылды.
Талбесік • 19 Ақпан, 2025
Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК) жыл сайын Құстарды қорғау одағымен бірлесіп, жыл құстарының тізімін белгілейді. Биыл жыл құстарының қатарына жұртшы құсы (Neophron perchopterus) қосылды.
Руханият • 19 Ақпан, 2025
Ұлттық академиялық кітапханада Түркі дүниесінің биік тұлғасы, көрнекті ұлт қайраткері Мұстафа Шоқайдың «Жас Түркістан» журналының 12 томға топтастырылған факсимиле-жинағы таныстырылды. Оған Парламент депутаттары, Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, елшілер, алаштанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым қатысты.